«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Бала жанының бағбаны» атты ақпараттық сағат өткізілді. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Бала жанының бағбаны» атты ақпараттық сағат өткізілді.
02
май
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Бала жанының бағбаны» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Жетісу облысы Панфилов ауданы «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ кітапханашысы Д.К.Жакибаеваның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Мұзафар   Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Бала жанының бағбаны» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Мұзафар Әлімбаев 29 қазанда 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылыда туған. Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан.
  М. Әлімбаевтың 300 - дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан.
1953 жылы «Менің ойыншығым», 1959 жылы «Отпен ойнама», 1962 жылы «Орақ - олақ», 1977 жылы шыққан «Шынақсаң шымыр боларсың» деген кітаптары
қазақ балалар әдебиетіне қосылған елулі үлес болды.
      М. Әлімбаевтың мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді: «666 мақал мен мәтел» 1960 жылы, 1963 жылы «Мақал - сөздің мәйегі», 1967 жылы «Өрнекті сөз - ортақ қазына», 1970 жылы «Мақалнама», 1982 жылы«Маржан сөз», 1998 жылы «Нақылдар». 1996 жылы «Батамен ел көгерер», 1994 жылы «Халық - ғажап тәлімгер», 1996 жылы «Нақылдың төркіннамасы» деген жинақтар мен зерттеу еңбектері жарық көрген.
      Мұзафар Әлімбаев Ел Тәуелсіздігін жан-жүре­гімен жырлаған абыз ақын. Ол қазақ әде­биетін жаңа биікке көтер­ген­дердің алдыңғы қата­рын­да болды. Саналы ғұмырын халқымыздың бір­лі­гі мен келісіміне, ұлт әдебиетінің әлемдік биік­ке көтерілуіне арнады
#Мектеппарламенті 
#Ұшқыройалаңы 
#Дебат 
#Жасұланұйымы 
#Өзінөзібасқаруұйымы 
#Экологияфракциясы 
#ЖетісуОблысыМектепПарламенті
#Пафиловбілімбөлімі