Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен "Қоғамдық тәртіп қауіпсіз болашақ” тақырыбында пікір сайыс өтті. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен "Қоғамдық тәртіп қауіпсіз болашақ” тақырыбында пікір сайыс өтті.
28
сентябрь
2023

Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен "Қоғамдық тәртіп қауіпсіз болашақ” тақырыбында пікір сайыс өтті.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қыркүйек айында  оқушылардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, шыншыл, адамгершілік, асыл қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында 9  сынып оқушыларымен  "Қоғамдық тәртіп қауіпсіз болашақ” тақырыбында пікір сайыс  өтті.
      Пікір сайыс  барысында  "Адал  Ұрпақ" ерікті клубының жетекшісі Т.А.Балғабаева  оқушыларға  адалдық, сенім, парасаттылық, әділдік туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді. 
   1-тапсырма  «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ұғымының мағынасын ашу», «Тәртіпсіздікке  мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құрудың маңыздылығы неде?
   2-тапсырма  «Сыбайлас жемқорлық қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» пікірін қалай түсінесіз? Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады? деген сауалдарға өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, белсене қатысты.
Қоғамдық тәртіп - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.
Оқушыларға қоғамдық тәртіп туралы ақпараттар беріліп, мысалдар келтірді. Оқушылар өздері қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда қандай жазалар қолданылады ,сонымен қатар қылмыстың түрлерімен танысып соған байланысты сұрақтарға жақсы жауап берді.
Қорытынды: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр.
Мектепте ұйымдастырылған пікірталас алаңы жоғары деңгейде өтті.
#Адал_ұрпақ_клубы
#Сыбайлас_жемқорлыққа_қарсымыз!