"Жырлайды жүрек" » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жырлайды жүрек"
09
февраль
2023

"Жырлайды жүрек"

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында Жыр перзенті атанған ақиық ақын М.Мақатаевтың  туған күніне орай "Жырлайды жүрек" атты жыр мүшәйрасы өтті. 
Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. 
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған  әндерін көпшілік назарына ұсыну.
 Жыр мүшайрасында жүргізушілер ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері оқушыларға тыңдатылды. Оқушылар  М. Мақатаевтың өлеңдерін оқып, екінші бөлімі "Есіңе мені алғайсың" ән кешінде ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін шырқады. Белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.