БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ БЕКЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ БЕКЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
17
февраль
2023

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ БЕКЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ БЕКЕТ ТУРАЛЫ  ЕРЕЖЕ


 1.Жалпы ережелер


         1.Наркологиялық бекет - білім алушыларды салауатты өмір салтының дағдыларына баулу үшін білім беру ұйымдарында кешенді түрде алдын алу жұмыстарын жүргізетін және қабілетті адамгершілік-психологиялық тұрғыдан жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдалануды болдырмауды қалыптастыратын қоғамдық орган болып табылады. Есірткі бекеті өзінің әрекетін жүзеге асыру үшін «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-Ш Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қылмыспен және жемқорлықпен күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шарапар туралы» 2000 жылғы28 сәуірдегі №377, «Қазақстан Республикасында есірткімен және есірткі бизнесімен күресудің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы №1678 Жарлықтарын,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2066 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында есірткімен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдардағы арналған бағдарламасы туралы» №240 қаулысын, есірткімен және есірткі бизнесімен күрестің өңірлік бағдарламаларын, ҚР Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің нормативтік-құқықтық құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады; әдістемелік   ұсынымдарды және әлеуметтік-келеңсіз құбылыстардың алдын-алу жөніндегі әзірленімдерді пайдаланады; осы бағыттағы қызметтер бойыншы басқа да ұйымдармен, және мекемелермен өзара қарым-қатынас жасайды.


         2.Наркобекеттің құрамына әлеуметттік педагог,білім беру ұйымдарының медициналық қызметкері, педагог-психолог, топ жетекшілері   білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі басқарудың өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, жоғары сынып  оқушылары мен дәрігер-нарколог енеді. Наркобекеттің қызметі мен құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
         3.Наркобекеттің басшысы білім беру ұйымының  педагог-психологы, білім беру ұйымының медициналық қызметкері болып табылады.
         4.Наркобекеттің төрағасы(төрайымы) білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары болып табылады.
 
 
 


Наркобекеттің міндеттері

5.Наркобекет балалар –  жасөспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдаланудың бастапқы алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
 6.Жекелеген тәрбие жұмыстарын өткізу және аддивті ( тәуелді) мінез-құлықты, тәуелділікті қалыптастыруды жөнге келтіру арқылы оқушыларға арналған іс

шараларды іске асыру.
 7.Ата –ана оқушылардың нашақорлығының оқиғалары туралы,  мінез-құлықтағы ауытқушылық белгілерінің табылғаны мен тәуелділік, отбасындағы әлеуметтік-келеңсіз құбылыстардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жүргізеді.
 8.Мінез – құлқында әр түрлі ауытқушылық белгілері бар  тұлғалар туралы ата-аналарын, дәрігер-наркологты өз уақытында хабардар етуді, қосымша тексеруге жіберуді және педогогикалық шаралар қабылдауды жүзеге асырады.
 9.ҚР қолданыстағы заңнамалық нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес оқушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық-ағартушылық жұмысты ұйымдастырады.

10.Оқушылардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыруға бағытталған бағдарламаларды  әзірлеуге және іске асыруға қатысады: спорттық секциялар, музыкалық секциялар, би секциясы.

Наркобекеттің қызметі


11.Аддитивті ( тәуелді) мінез - құлыққа бейім тұлғаларды айқындау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізеді ( сауалнама, топтық, жекелеген жұмыс).
 12.Оқушыларға, оның ішінде білім беру мекемесінде алдын- алу есебіне алынғандарға жүйелі динамикалық бақылауды жүзеге асырады.
 13.Наркобекеттің отырысында «қауіп-қатер тобының» жеткіншектермен жұмыс туралы, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар туралы, ата –аналармен жұмыс туралы сынып жетекшілерін  тыңдайды.
 14.Оқу орнының барлық ұжымының алдын алу жұмыстарын жақсартуға бағытталған нақты ескертулермен және ұсыныстармен оқу орнының әкімшілігіне шығады
 15.Сынып жетекшілеріне оқушылар арасында әлеуметтік келеңсіз құбылыстардың  алдын алу жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді іріктеуді жасақтайды.
 16.Оқушылар мен педагогтар, қоғамдағы әлеуметтік-келеңсіз құбылыстардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысуға тілек білдіргендер арасынан еріктілердің мәліметтер базасын жасайды.
 17.Наркобекеттің жұмыс жоспарына сәйкес жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдаланудың алғашқы алдын алу жөнінде оқушыларға, ата-аналарға. Педагогтарға арналған іс-шаралар өткізеді.
 18.Сынып жетекшілерінің мәлімдемелері бойынша санитарлық-ағарту жұмысына денсаулық сақтау, әділет және басқа да мүдделі жақтардың мамандарын тартады.
 19.Балалардың және жас жеткіншектердің құқықтарын және денсаулықтарын қорғау мақсатында проблемалы отбасыларға шара қолдану жөнінде тиісті ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге жүгінеді.
 20.Наркобекеттің мүшелері қолданыстағы заңнамамен анықталған қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті.