Бастауыш сынып «Зерде» бірлестігінің ІІІ тоқсан бойынша қорытындысы.2022-2023 оқу жылы » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып «Зерде» бірлестігінің ІІІ тоқсан бойынша қорытындысы.2022-2023 оқу жылы
24
март
2023

Бастауыш сынып «Зерде» бірлестігінің ІІІ тоқсан бойынша қорытындысы.2022-2023 оқу жылы

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінінң бастауыш   сынып «Зерде» бірлестігінің ІІІ тоқсан бойынша қорытындысы.2022-2023 оқу жылы.

           Бастауыш сынып бірлестігінде барлығы 6 мұғалім еңбек етеді,барлығы жоғары білімді ұстаздар. 2 педагог ­-сарапшы,1 педагог -модератор,1 педагог жоғары санатта, 2 педагог бірінші санатта.

Умирова Гүлсім Тұрлықожақызы -үйден оқу,музыка,көркем еңбектен сабақ береді.

Ибраимова Афуза Қуанышбекқызы-МАД сыныбында.

            1 «А» сыныбы-сынып жетекшісі Кумбаева Айдын Мажинқызы. 1сыныпта барлығы 17 оқушы бар.Оның 4 қыз бала,  13 ұл бала.Эркин Сабина денсаулығына байланысты үйден оқиды. Сыныпта Даулет Жаннұр сөйлей алмайды,үйден мүлдем қадағаланбайды.Сабақта тыныш отыра алмайды. Мейірқажиев Алихан кей дыбыстарды шатастырады,екі әріптен тұратын сөздерді оқи алады,3-4 буыннан тұратын сөздерді оқи алмайды.Математикадан сандар ретін шатастырады.Бір таңбалы сандарды қосып,азайта алмайды. Сыныптағы қалған оқушылар әріптерді таниды,оқи алады.

          Сабақтан себепсіз қалған оқушылар болмады,денсаулығына байланысты қалған оқушылар анықтамаларын өткізді.Сынып сағаттары уақытылы өткізілді.Сынып бойынша «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақбота» зияткерлік сайысына қатысып Арын Шерәлі,Байсары Маруа,Омар Каусар,Мұхитұлы Ертөре,Еркінбек Азамат жүлделі І орынға ие болды.Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, “Akberen Education” – Ақберен республикалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған қаңтар-ақпан айларындағы Республикалық "Абай оқулары" конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болғаны үшін Байсары Маруа,Мұхитұлы Ертөре жүлделі ІІ орынға ие болды,сынып жетекшісі Кумбаева Айдын Мажинқызы дайындағаны үшін марапатталды.Оқушылар кітапханамен байланыс орнатқан,жас шамаларына қарай ертегі кітаптарын алып оқиды.

2 «А» сыныбы- сынып жетекшісі Масабаева Ғалия Ахметқызы. 2 сыныпта 17оқушы бар,оның 9 қыз,8 ұл бар.Оқу жылының басында тәрбие жоспары жасалып,бекітілді.Биылғы оқу жылында қарттар күніне бейнеролик жасап оқушылар арасында Жұмағұл Қ,Тохтар М,Александрқызы А,Айсаджан М,Абайбек А,Өмірәлі Д, Шаризат Б,Руфатұлы Н,Қали А  осы оқушылар 1,2орындарды иеленді.Мектепішілік тіл мерекесіне Жұмағұл Қ,Нұрмұха А қатысып,мақтау қағазымен марапатталды.3-ші тоқсанда БЖБ,ТЖБ алынып білімдері сараланды. 3-ші тоқсан қорытындысы бойынша 9 үздік, 4 оқу екпіндісі болып аяқтады.Білім сапасы 70% . 2 сыныпта оқу техникасын тексеру барысында міндетті деңгейден жоғары оқыған Жұмағұл Қазбек-114,Сембай Алуа – 96,Тохтар Меруерт- 93 сөз оқыды,міндетті деңгейге жете алмаған Рыскелдіқызы Раяна-30 сөз,Жанабай Таңнұр-25 сөз, Айтбаев Нұрбақыт-7 сөз, Шаризат Бекарыс-10 сөз оқыды. «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақбота» зияткерлік сайысына қатысып Нұрмұха Айбике ІІ орын иеленді. Халықаралық «Пони» зияткерлік сайысына Жаңабай Т,Жаңабай Ш,Сембай А қатысты. Сынып сағаттары уақытылы өткізіліп отырылды.Аналар мерекесі қарсаңында «Мен анамның сүйікті ұлымын» атты сайыс өткізілді.Сайысқа 8 ұл бала қатысты.Ата-аналар келіп қатысып,көрер мен болды.Мектепішілік шараларға оқушылар белсене қатысып отырды..Сабақтан себепсіз қалған оқушылар болмады.

 3 «А» сыныбы- сынып жетекшісі  Какимжанова Майра Хамитқызы.3 «А» сынбында барлығы 4 оқушы бар.2 қыз бала, 2 ұл бала.Сыныпта 1 үздік оқушы,2 екпінді,білім сапасы 75% .Сынып сағаттары уақытылы өтіліп отырды.Жоспар бойынша ата-аналар жиналысы уақытылы өткізіліп,хаттамаға тіркелді.Көктемгі каникул күндеріндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелері ата-аналарға түсіндіріліп, ескерту парақтарына қол қойылды.Интеллектуалды «Пони» олимпиадасына 3 оқушы қатысып 6 сертификат пен диплом алды.


4 «А» сыныбы-сынып жетекшісі Нуралиева Лаззат Тілеулесқызы.4 «А» сыныбында IIтоқсанның соңында 21оқушы болған  ,жыл басында Алакөл ауданынан Сыдық Талшын деген қыз бала келді .

III тоқсанның соңында   22оқушы болды .. Оның 10-ы ұл бала, 12-і қыз. Ұлттық құрамы: 10 ұл қазақ, 10 қыз қазақ, 1 ұйғыр қыз, 1 татар қыз.  Үлгермейтін оқушы жоқ.  Тоқсандық қорытынды бойынша 6 үздік ,7 екпінді  білім сапасы 59,9%

2022-2023 оқу жылында жыл басында сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы          8 бағыт бойынша жасалынып бекітілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді.

           Атап айтсам 09.01.2023ж Роза Бағланованың 100 жылдық мерей тойына байланысты тәрбие сағаты өтіп әншінің өмірбаяны қызметі жайлы түсінік берілді 

16.01.2023жД.А.Қонаевтың туғанына 110 жылдығына орай өмірбаяны мен қызметі жайлы түсінік берілді  

23.01.2023ж «Абай- дара Абай –дана »атты тәрбие са.аты өтті Оқушыларға Абайдың отбасы шығармалары таныстырылды . Абайдың мұражайы бейне таспадан таныстырылды . Поэзия минуты өтті .

06.02.2023ж « Ақиық ақын –Мұқағали » атты жыр сайысы өтті .Ақынның өлеңдерін оқып өмірбаянымен таныстырылды . 

Мектепішілік мәнерлеп оқу жарысына Жумабаева Назерке, Ақан Інжу Бектнұр Кәусар .Сәлім Айару  Жұмаш Сұңғат Мұсағали Илияс қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды .

01.03.2023ж Алғыс айту күніне орай тәрбие сағаты өткізілді 

06.03.2023ж «Ана деген –тіршіліктің тірегі » атты сынып сағаты өткізілді Оқушылар өз қолдарымен дайындаған қолөнер бұйымдарын аналарына сыйлап ,концерттік бағдарлама қойды .

13.03.2023ж «Наурыз –жыл басы » атты ашық тәрбие сағаты өткізілді .Наурызға байланысты ұлттық ойындар ,көріністер көрсетілді .

            Жаңадан келген Сыдық Талшынның отбасылық жағдайына байланысты үнемі қадағаланып отырады « Мектепке  жол » акциясы бойынша киім кешекпен,оқу құралдарымен азық –түлікпен қамтамасыз етілді . «Жаркент-Фрукт»ТОО киім кешек алып берді .

«Оқуға  құштар мектеп,» «Отбасыммен бірге кітап оқимын » атты тақырып бойынша каникулда  кітаптар оқып, мазмұнын айтуға, видиороликтер жасауға тапсырма берілді. 

Оқушыларға  каникул мерзімдері  таныстырылды, тапсырмалар берілді. 

Қысқы каникулға қауіпсіздік техникасы ережесімен таныстырып қолдары қойылды.  


Бастауыш  сынып «Зерде» бірлестігінің   20.02-01.03 аралығындағы  «Білім жолын бастаған,бастауышым- бастамам» атты онкүндігі болып өтті.  Онкүндіктің мақсаты: тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды іс-тәжірбиеде пайдалана отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын артыру.Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бастауыш сынып онкүндігінің жоспары құрылып,бекітілді.Онкүндіктің ашылуына 1-4 сыныптар арасындағы оқушылар қатысып,жоспары таныстырылды.Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтарын тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізді. Бастауыш сынып оқушылары онкүндікке түгелдей қамтылып,жақсы қатысты.Онкүндіктің жабылуында белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.


Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі            Кумбаева А