Оқу саласы бойынша жылдық талдауы 2021-2022 оқу жылы » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу саласы бойынша жылдық талдауы 2021-2022 оқу жылы
26
январь
2023

Оқу саласы бойынша жылдық талдауы 2021-2022 оқу жылы

Оқу саласы бойынша  жылдық талдауы

2021-2022 оқу жылы


Мектептегі педагогтар құрамы


Санаты 

2021-2022 оқу жылы 

Барлығы 

33

     Пайыздық көрсеткіші

Жоғары 

1

3%

Бірінші 

3

9%

Екінші 

0

0%

модератор

7

21%

сарапшы

14

   42%

зерттеуші

2

    6%

шебер

0

     0%

Санаты жоқ 

6

18%


 


Мектептегі 33 мұғалімнің 31-і жоғары білімді, екі мұғалім – арнаулы орта білімді


 


Оқу жылы барысында  мұғалімдер  біліктілікті арттыру  курстарынан өтуі.


Барлық мұғалімдер

Қысқа мерзімді 

Цифрлық құзыреттілік

33

 11

 2



  1. Оқу – әдістемелік жұмыс

 Әдістемелік жұмыс жоспары өткен оқу жылының қорытындысында көрсетілген міндеттер бойынша құрылып, мектеп басшысымен бекітілген. 

2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыс тақырыбы

«Нәтижеге  бағдарланған   білім  беруде  мұғалімдердің   кәсіптік  шеберлігі  мен   құзіреттілігін  қалыптастыру». 

Әдістемелік   жұмыстың  мақсаты:

Мұғалімдердің  педагогикалық   шеберлігін , шығармашылығын   жетілдіріп , дамытуда  тиісті  әдістемелік    көмек  беру.

  1. Әдістемелік  жұмыстың        негізгі  міндетті


  1. Әдістемелік        апталықтар  мен  күндерді        сапалы  әзірлеп , өткізу  және        олардың  мектеп  басшылары  мен        мұғалімдердің        педагогикалық        шеберлігін        жетілдірудегі  ролін  көтеру.
  2. Сабақтың        барлық  түрлерінің  жоғары        әдістемелік  деңгейде  өтуін        қамтамасыз ету.
  3. Жас        мұғалімдердің   кәсіптік  шеберлігін  көтеру         жұмыстарын  ұйымдастыру.
  4. Білім        беру  технологияларын  енгізу        арқылы  сабақтардың  сапасын        көтеру.
  5. Шығармашылықпен        жұмыс  істейтін  ұстаздардың  тәжірбиесін  жинақтау        және  тарату.
  6. Әдістемелік        жұмыстарды  ұйымдастыру  мен        олардың  есебін  жүргізу        құжаттарын реттілікте  ұстау.
  7. Оқулық , әдістемелік        және  дидактикалық  материалдар  әзірлеу.
  8. Оқушыларды         тәрбиелеудің, олардың        бойында  жоғары  көп        мәдениеттілік        қасиеттерді  қалыптастырудың  кешенді         бағдарламасының  жүзеге  асыру.

              2021-2022 оқу жылында мектепте 5  әдістемелік бірлестік құрылған:

1. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен құрылған «Гуманитарлық» пәндер бірлестігі;

2. «Өнер» пәндер бірлестігінде технология,   , музыка, дене шынықтыру,   АӘД пән мамандары біріккен.

3. «Квант» бірлестігіне математика, физика және информатика пән мамандары біріктірілген.  

4. «Жаратылыстану» әдістемелік бірлестігіне химия, биология, география, тарих, өзін-өзі тану мамандары біріктірілген.   

5. «Бастауыш» әдістемелік бірлестігіне бастауыш сынып мұғалімдері біріктірілген.     

        Оқу жылының бірінші педагогикалық кеңес шешімі бойынша әдістемелік бірлестікке  жетекшілер    тағайындалған.  Әр бірлестіктің  өзекті мәселесі мен мақсаты, міндеттері  қойылған. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс   жоспарлары құрылған, мектеп басшысымен бекітілген. Қажетті құжаттары бар, портфолиолар жинақталған.  Жоспар бойынша жұмыс жүргізілді.

«Квант» бірлестігі

Бірлестік жұмысының мақсаты:

  • Математика, физика, информатика пәндерінен мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалау.
  • Оқушыларға білім беруде мемлекеттік Білім Заңын және Тіл Заңын басшылыққа алу.
  • Оқушыларға білім беруде жаңашыл, озық технологияларды кеңінен қолдану.
  • Дарынды балалардың қабілеттерін дамыта отырып, оларды шығармашылыққа баулу.
  • Білімінде олқылығы бар оқушылардың біліміндегі олқылықтарын орнын толтыруда жұмыстар жүргізу.

·Ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру.

·Жеке оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы білім сапасына қол жеткізу.

Міндеттері:

·Мектептің өзекті тақырыптарын басшылыққа ала отырып, бірлестік оқушылардың шығармашылық қалыптастыруға жағдай жасау.

·Пән апталықтарын, жаңашыл ашық сабақтарды тиімді өткізіп тұру.

·Пән мұғалімдері мен  ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.

·Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мақсатында   семинарларға, коучингтерге   қатысу.

·Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға, пән олимпиадаларына жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың дайындықты бақылау.

  • Педагогикалық басылымдардағы озат іс- тәжірибелерді талдау, оқып үйрену.

 Математика, информатика, физика  пәндер   бірлестігі «Білім беру үдересінде жаңа әдістерді меңгере отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру»       

өзекті мәселесі бойынша жұмыс істеді. 

2021-2022 оқу жылының  жыл  бойында    «Квант»  пән  бірлестігінде   3- математика пәнінің мұғалімі, 1 -информатика пәнінің мұғалімі, 1- физика пәнінің мұғалімі жұмыс атқарды. Бірлестікте   педагог-сарапшы-1, модератор -1 жалпы санатты-3 мұғалім. Жылдық жоспар мен әдістемелік бірлестік отырыстарының жоспары жасалынып, отырыстар өз уақытында өткізіліп отырды. Бірлестік мүшелері өз міндеттерін жоспар бойынша атқарып отырды, өзара тәжірбие алмасу барысында бір- бірінен үйрену, кемшіліктерін түзеу, ұсыныс пікірлер білдірулер жүргізіліп, оң нәтижелерге жетуге септігін тигізіп отырды.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру.

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында барлық бірлестік мүшелері толықтай өз білімдерін жетілдіріп, сертификаттар иеленді.


          Оқушылардың білім сапасын арттыру жолында атқарылған жұмыстарды өткізу әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес болды, оның мазмұны нормативтік құжаттарды білім беру стандартын дарынды және үлгерімі төмен балалармен жұмыс олимпиада қатысушылары-мен  жұмыс сияқты сұрақтар енгізілді. Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары жоспар бойынша өткізілді.

Оқушылардың білімін ескере отырып жеке пәнге қызығушылығын дамыту жұмысын жүзеге асыруда: оқытушылар сабақтарында жанашыл технологияларды қолданды. Аталған пәндерден білім стандартының орындалуын қадағалау басты назарда болды. Осы мақсатта математика, физика,  информатика пәндері бойынша тоқсандық, жартыжылдық   бақылаулар салыстырылып, қорытынды жасалынды.

Пән бірлестігінің жетістіктері

               Оқушылар

  • Аудандық пән олимпиадасынан математика пәні бойынша  9 сынып оқушысы Хасенғазиев Ақжол 3-орын
  • «Дарын» Республикалық Ғылыми практикалық орталығы «Кенгру-математика барлығы үшін» сертификат Хасенғазиев Ақжол 9-сынып, Серікбек Айжамал 9-сынып, Гайтова Мухабат 9-сынып, Бақтыбай Іңкәр -7 сынып, Қудиярхан Аяла        3-дәрежелі диплом және сертификат
  • 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом математика пәні Молдрахим Диана 8 сынып
  • «Дарын» Республикалық Ғылыми практикалық орталығы «Кенгру-математика барлығы үшін» сертификат Рахметолла Іңкәр 8-сынып, Қали Қайырғали 8-сынып, Нұртуған Сезім 6сынып, Сұлтан Аңсар 6 сынып, 3- дәрежелі диплом 6 сынып оқушысы Қасен Әлібек, 3 дәрежелі диплом  8 сынып оқушысы Нурмухаева Еркеназ
  • «Дарын» Республикалық қашықтық олимпиадасының мұғалімдер арасында өткізілген Педстарт физика пәнінен 3-орын 
  • Наурыз айында өткізілген Блинц турнирінің физика пәнінен 2-орын 
  • Республикалық «Жас дарын» 9 сыныптар арасындағы олипиада жеңімпазы физика пәнінен Серікбек Айжамал -2орын
  • «Информатика   пәнінің жаңартылған мазмұны» 8-сынып «Деректер базасы» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне  арналған аудандық семинар тренинг
  • КИО Республикалық қашықтық  олимпиадасының информатика пәні бойынша ІІІ-орын 7-сынып Жұмаш Айым, ІІ-орын 8-сынып   Білдехан Н, сертификат 9-сынып Өнербай Д
  • КИО Республикалық қашықтық  олимпиадасының мұғалімдер арасында информатика пәнінен ІІ дәрежелі диплом

.

Математика, информатика, физика пәнініңоқытылуы бойынша ұсыныстар:


 1.Оқу жылының қорытындысы бойынша  төмен білім сапасын көрсеткен сыныптармен пән бойынша косымша жұмыстар атқару.  

 математика :   6 «А» , информатика –  6 «А»- 54%, физика – 8 «А» - 53 %.

2.Пәндердің әдістемелік   бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағалау

3. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларымен жұмыс жандандыру

«Ізгілік»гуманитарлық пәндер бірлестігі

2021-2022 оқу жылының басында  «Ізгілік» гуманитарлық пәндер бірлестігі «Білім берудің  жаңа технологиясы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында төмендегідей бірқатар мақсат-міндеттер бойынша жұмыс жоспары құрылып,бірлестіктің №1 отырысында қаралып,талқыланып, бекітілді.

Бірлестіктің өзекті мәселесі: « Білім беруді жаңарту, критериалды бағалау жүйесін және түрлі әдіс-тәсілдер мен қажетті ресурстарды тәжірибеде тиімді қолдануды арттыру» 

Мақсат: Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.

Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы, парасатты тұлға тәрбиелеу

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қабылданды: 

Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.

Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру

Тілдерден  оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін арттыру.

Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.


Күтілетін нәтиже:

1 Педагог мамандар   жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу барысында іс-тәжірибедегі жетістіктерді үйренеді,қолданады.

2.  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жұмыс жүргізе отырып тәжірибелерін жетілдіреді

3.   Педагогикалық іс-әрекет пен ізденіс барысында өз мүмкіндігіне сенімді және сыни баға беретін тұлға қалыптастыру дағдысы артады.

             2021-2022 оқу жылының басында бірлестікте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3 мұғалім (Байбатырова Ж.Қ. Жетпісбева Т.А. Нурымжанова Р.Н.),орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 2 мұғалім (  Рахметчаева Б.Ж. Г.Ж.Қалиақпарова ),ағылшын тілінен 2 мұғалім (Смайлова Ж.Б. Агимова Ж.А) барлығы-7 мұғалім жұмыс жасады.

 Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталар болсақ бірлестіктегі педагог-сарапшы мұғалімдер саны-3 (43%),педагог-модератор мұғалімдер саны -1 (14%), жалпы санаттағылар саны-3 (43%).


Мұғалімнің  жетістіктері.  

17.05.2022ж  Мектептегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 

 «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында ағылшын тілі пәні мұғалімі 9-сыныпта Ж.Б.Смайлова «NASA» тақырыбында  ашық сабақ өтті.

Аудандық ассосация мүшелері өтілген шеберлік сыныбын келесі оқу жылының басындағы тамыз кеңесінде аудан көлемінде таратуға ұсыныс жасады.

Пән мұғалімінің жұыстары өте жақсы деп бағаланып, аудандық мараппаттауға ұсынылды.

Сонымен қатар Ж.А.Агимованың ұйымдатыруымен  8-сыныпта «Gap Year» тақырыбында ашық сабақ көрсетілді .Сабақ жақсы деп бағаланып ,аудандық білім бөлімінің грамотасы берілді .    

Смайлова Ж.Б 25-мамыр салтанатты жиынында «жас ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін» аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және «Аудан мектептері арасындағы ағылшын тілі пәні бойынша өзінің озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.А. Агимова  «Орта білім мазмұнын жаңарту »Ағылшын тілі  педагог кадрлардың біліктілігін аттыру білім беру бағдарламасы бойынша онлайн курсқа қатысып, сертификат алды. «Үзік тіл маманы » қашықтық олимпиадасына қатысып I дәрежелі диплом,сертификат берілді .

Сертификат «Развитие  профессиональных компетенцийучителя  русского языка  и литературы»(80 сағ )біліктілікті  арттыру   курсы 2021-2022 жыл.

«Интергративті  тәсіл және пәнаралық  синтез   негізінде шағын  жинақталған  мектептің   оқу- тәрбие  процесін  ұйымдастыру»(09.03.-18.03.2022 )  80 сағат біліктілік арттыру курсы.

 «Жас ұрпақты   тәрбиелеуде жемісті  еңбек етіп , тиянақты білім бергені және шәкіртерінің   жеке тұлға болып  қалыптасуындағы қажырлы еңбегі үшін» аудандық  білім бөлімнің  Құрмет  грамоталары.   2021,2022 ж.

«Ізгілік» гуманитарлық пәндер бірлестігінің  апталығында «Үздік ашық  сабақ  « үлгісін көрсеткен  үшін мадақтама  2022 ж.

Оқушылардың жетістіктері:

5-6-сыныптар арасында ағылшын тілі пәні бойынша өткен аудандық олимпиадада 6 «А» сынып оқушысы Агимова А жүлделі III орынды иеленді. Пән мұғалімі Ж.Б.Смайлова

Осы олимпиадада 5-сынып оқушысы Азат А жүлделі III орынды иеленді. Пән мұғалімі Агимова Ж.А

     Сонымен қатар, 9-11-сыныптар бойынша өтілген пәндік олимпиаданың аудандық деңгейінен 9-сынып оқушысы Серкбек А жүлделі III орынға ие болды. Пән мұғалімі Ж.Б.Смайлова


2022ж. Халықаралық «Русский медвежонок-2021-2022» конкурсында Бақтыбай І,   Жұмаш А,  Білдехан А, ( 7сынып), Арын  Ж, Уалибаева Ш, Қабиев  Е,   Марат  Д(8 сынып) 1 орын.


        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Тәуелсіздік- тәңір сыйы » атты республикалық байқауға 6 сынып оқушылары Жанатқызы И,

Шаризат Б қатысып, мәнерлеп оқу кезеңі бойынша жүлделі 1 орынды иеленіп,келесі кезеңге жолдама алды.Екінші кезең бойынша эссе байқауына қатысып,жұмыстары мерекелік жинаққа жарияланып,сертификат берілді.

Республикалық  олимпиадасының аудандық кезеңінен қазақ тілі пәні бойынша

6 сынып оқушысы Жанатқызы Инабат 3 орынды иеленді.

Аудандық пән олимпиадасы боынша 9 сынып оқушысы Махмут Саят жүлделі 

 3 орынды иеленді

Мектептегі шығармашылық топ жұмысы.

   Мектепе  деңгейлік курстан өткен  мұғалімдер саны-5 . Осы мұғалімдермен   “Өзгеріс”тобы    құрылды.    Топ мүшелері:

1.Нуралиева А.Т.-2 деңгейлік,педагог-зерттеуші

2.Зейдинова З.А.-2 деңгейлік педагог-сарапшы

3.Смайлова Ж.Б.-2 деңгейлік педагог-сарапшы

4.Какимжанова М.Х.-3 деңгейлік,педагог-сарапшы

5.Жетписбаева Т.А.-педагог-сарапшы

6.Рахметчаева Б.Ж.-педагог-модератор

7.Алиева Ә.Б.-хатшы,зерттелетін сыныптың сынып жетекшісі

Ағымдағы оқу жылының наурыз-мамыр айлары аралығында L.S.зерттеу жұмысы 6-сыныптармен ,сынып оқушыларының білім сапасының төмендеу себебін анықтау,оқушылардың оқуға уәжін көтеру мақсатында жүргізілді.Зерттеу барысында топ мүшелері тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауда «графикалық органайзерлерді қолдану тиімділігін анықтап,бірнеше тізбектелген сабақтар топтамасын өткізді.

Нәтижесінде зерттеу тобы аталмыш сыныптың оқу үлгерімінің төмен болу себебін анықтап өздерінің рефлексиялық есебінде,сыныптың салыстырмалы білім сапасының көрсеткішінде айтарлықтай ілгерлеу байқалмағандықтан келесі оқу жылында осы сыныппен жұмысты жалғастыруды міндет етіп қойған.



 «Жас мамандар мектебі»


Мақсаты  Жас мұғалімдердің жаңартылған білім беру жүйесі бойынша кәсіби шыңдалуына Теориялық білімдері мен педагогикалық біліктілігін арттыру үшін

 жас мамандарға әдістемелік , практикалық көмек көрсету бағыт –бағдар беру.

                         Міндеттері



  • Жас мамандарға өздігінен үздіксіз кәсіби білім алуға деген көзқарас қалыптастыру


Оқушыларды оқу пәндерінің негіздеріне оқытуда, олармен сыныптантыс жұмыс

жүргізуде тиімді психология-педагогикалық әдіс-тәсілдерді іріктеу, оларды 

қолдану дағдыларын дамыту;


  • кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар нормативтік 

құқықтық актілерді басшылыққа ала білуге баулу







Мектепте жас мамандар мектебі құрылған, жас мамандарға бұйрық негізінде тәлімгерлер бекітілілген, тәлімгерлік жұмыс жоспары жасалған.  Тәлімгерлер  жұмыстарының есебін тыңдау №4 әдістемелік кеңес отырысына жоспарланған. Мектеп бойынша 3 жас маман бар. Әр тоқсанда   әдістемелік пән бірлестігі отырысында жас мамандардың атқарған жұмыстары тыңдалып тиісті шешімдер қабылданды.  

р/с

Жас маманың аты-жөні

пәні

Тәлімгердің аты-жөні

1

 Қожахметова Мадина Мұратқызы

математика

Төлендиева Б.Қ

3

Қалиақбарова Гульназия Жолгазиевна

Орыс тілі мен әдебиеті

Рахметчаева Б.Ж

4

ХалықбековаЖаңыл Қыдырмолдақызы

логопед

Умбеталиева М.Н


 бекітілген тәлімгерлер жыл көлемінде жоспарға сәйкес жұмыстар атқарды.  Жас мамандармен іс тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарына қатысып кері байланыстар берілді.

Білім алушылардың     2021-2022 оқу жылында олимпиадаллар мен түрлі деңгейдегі интеллектуалдық сайыстарға қатысуы бойынша қорытындысы төмендегідей болды


     Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 08-16 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада     төмендегі негізгі пәндер бойынша өткізіледі:

1)  қазақ тілі мен әдебиеті;     

2) қазақстан тарихы; 

3) орыс тілі мен әдебиеті;  

4) ағылшын тілі; 

5) математика;          

6) физика;

7)  информатика; 

8) химия; 

9) биология; 

10) география;                              

11) құқық негіздері

Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатыстырылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан  оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға 13 оқушы қатысып нәтижесі төмендегідей болды.   

Р/C

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Орны

Пән мұғалімі

3

Махмут Саят

9

Қазақ тілі мен әдебиеті

ІІІ

Байбатырова Жанагуль

6

Серкбек Айжамал

9

Ағылшын тілі

ІІІ

Смайлова Ж.Б

8

Хасенғазиев Ақжол

9

математика

ІІІ

Б. К. Толендиева


10

Арын Шаттық

11

математика


А. Б. Алиева 

11

Абайбек Жанерке 

11

Қазақстан тархы

ІІІ

Зеидинова З.А


2022ж.7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық  кезеңінде  биология пәні бойынша 7-сынып оқушысы Мұхаметжан Толғанай ІІ дәрежелі Дипломмен және жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық  кезеңінде   химия  пәнінен 9 сынып оқушысы Гаитова Мухаббат ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.


Оқушылардың қашықтық олимпиадаларға қатысуы бойынша көрсеткіш төмендегідей болды:

р\с

Сайыстардың атауы

Оқушының аты жөні

Жеткен жетістігі

Жетекшісі

1

Пони

Темірхан А

диплом

Ибраймова А Қ

2

«Үздік ғылыми жоба авторы»

Мадиахун А

диплом

Каримжанова Ж А

3

«Ғылым жолында» ғылыми жоба

Жақсылыққызы Қ.

І дәрежелі диплом

Каримжанова Ж А

4

Халықаралық көркем еңбек пәндіік олимпиадасы

Тұрлықожа К

ІІІ дәрежелі диплом

Каримжанова Ж А

5

«Елін сүйген елбасы» эссе байқауы

Уалибаева Ш

ІІІ дәрежелі диплом

Нурымжанова Р.Н

6

«Елін сүйген елбасы» эссе байқауы

Жуман А

ІІІ дәрежелі диплом

Нурымжанова Р.Н

7

«Мұқағали оқулры»

Нұрмұха Е

ІІІ орын

Нурымжанова Р.Н

8

«Мұқағали оқулры»

Арын Ж

ІІ орын

Нурымжанова Р.Н

9

Абай оқулары

Уалибаева Ш

ІІ орын

Нурымжанова Р.Н

10

Абай оқулары

Жақсылыққызы Ж

І орын

Нурымжанова Р.Н

11

«Поэзияның асқар шыңы»

Алғожа.Айбын

І орын

Умирова Г.Т

12

«Поэзияның асқар шыңы»

Алғожа.Айым

І орын

Умирова Г.Т

13

Кел балалар оқылық

Мұхит Е

І орын

Умирова Г.Т

14

Үздік бастауыш сынып оқушысы

Еркін Д

І дәрежелі диплом

Умирова Г.Т

15

Үздік бастауыш сынып оқушысы

Жұмаш С

ІІ дәрежелі диплом

Нуралиева Л.Т

16

Ақбота

Али Р

ІІІ дәрежелі диплом

Каримжанова Ж А

17

Ақбота

Нұрасыл А

ІІІ дәрежелі диплом

Алиева А.

18

Жас дарын

Жақсылық Қ

І дәрежелі диплом

Қожахметова М М

19

Жас дарын

Бектнұр М

ІІІ дәрежелі диплом

Қожахметова М М

20

Қызықты математика және логика

Ақан Н

ІІ орын

Алиева А.Б

21

Қызықты математика және логика

Махмут С

І орын

Алиева А.Б

22

Жүзден жүйрік

Ақан І

І,ІІ дәрежелі диплом

Рахметчаева Б.Ж

Нуралиева Л

23

Көркем сөз

Гайтова М

ІІ дәрежелі диплом

Байбатырова Ж.К

24

Көркем сөз

Хасенғазиев А

ІІ дәрежелі диплом

Байбатырова Ж.К

25

Абай оқулары

Хасенғазиев А

ІІ орын

Байбатырова Ж.К


Қазақ тілі пәні мұғалімі Байбатырова Жаңагүл Құлжабайқызының жетекшілігімен «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік-тәңір сыйы»атты республикалық байқауына 6а сынып оқушылары Шаризат Бейбарыс және Жанатқызы Инабат қатысып жүлделі орындар иеленіп эсселері республикалық жинаққа енді.

5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған аудандық олимпиадаға ағылшын тілі пәнінен 6 сынып оқушысы  Агимова А  , 5-сынып оқушысы-Азат А ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар, аталмыш олимпиадада  қазақ тілі пәні бойынша 6 сынып оқушысы Жанатқызы Инабат 3 орынды иеленді, 5 А сынып оқушысы  Кебекбай Даяна ІІІ орын иеленді.

Өзара істәжірибе алмасу Сондай-ақ педагог мамандардың  өзара іс-тәжірибе алмасуы,жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында зерттеуші және сарапшы санатындағы пән мұғалімдері үлгі сабақтар,модератор санатындағы пән мұғалімдері ашық сабақтар ұйымдастырып өткізді, аталған сабақтарға мектеп әкімшілігі және жас мамандар ,пән мұғалімдері қатысып кері бйланыстарын беріп сабақтары әлеуметтік желіге жарияланды.

Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес төртінші тоқсанда ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Оқу сауаттылығы тапсырмаларын күнделікті сабақтарға кіріктіру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Семинар барысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ж. Б. Смайлова және Ж.А.Агимова 8-9-сыныптарда ашық сабақтар және Ж. Б. Смайлова «PISA тапсырмаларын құру, күнделікті сабақтарға кіріктіру» тақырыбында семинрарға қатысушы әріптестермен шеберлік сынып өткізіп, жақсы деген кері байланыстар берілді.Сондай-ақ химия биология пәнінің мұғалімі Нуралиева Асем Тілеулесқызы Облыс көлемінде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп,жұмыстары облыстық жинаққа жарияланды

р\с

Мұғалімнің аты жөні

пәні

Сабақ сілтемелері

1

Нуралиева А.Т

биология

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=529894481800781&id=100043407002585

https://www.instagram.com/p/CdxjdajNrvz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

2

Нуралиева А.Т

биология

https://youtu.be/_j4VgHlCh_I



2

Смайлова Ж.Б

Ағылшын тілі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=581105650012997&id=100043407002585


3


Смайлова Ж.Б

Ағылшын тілі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=581103866679842&id=100043407002585


4

Каримжанова Ж.А.

Көркем еңбек пәні

https://youtu.be/mJQZJEav2f4



Педагог мамандардың жетістіктері 

Пән мұғалімдерінің байқауы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімі Карижанова Жумагүл Әбдікерімқызы «Жаңашыл мұғалімі 2022»республикалық байқауына қатысып жаңашыл мұғалім номинациясымен мараптатталды.

   Сонымен қатар аудандық «Үздік бастауыш-2022» байқауына бастауыш сынып мұғалімі Масабаева   Ғалия Ахметқызы қатысып жүлделі 2 орынға ие болса «Жыл мұғалімі -2022» байқауына көркем еңбек пәнінің мұғалімі Каримжанова Жумагүл Абдікерімқызы қатысып жүлделі 3 орынды иеленді.

Нуралиева Асем Тилеулесовна  Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты 2022жылдың 19 мамырында онлайн форматта «PIZA тапсырмаларын геграфия, биология, химия пәні мазмұнына кіріктіру» тақырыбында семинарға қатыстысып, облыс көлемінде  фунционалдық сауаттылық бойынша  биология пәнінен тапсырма құру тәжірибесімен бөлісті, облыстық құрмет грамотасымен марапатталды. Аудандық: «Жас ұрпақты  тәрбиелеуде жемісті  еңбек етіп , тиянақты білім бергені және шәкіртерінің  жеке тұлға болып  қалыптасуындағы қажырлы еңбегі үшін» аудандық  білім бөлімнің  Құрмет   грамоталары.  2021,2022 ж.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша

Мектепте мұғалімдердің біліктілік санатын арттыру үшін, аттестаттау ережесіне сәйкес жұмыс жоспары жасалды. Мектеп директорының бұйрығымен бекітілген аттестаттау комиссиясының құрамы, сарапшылар тобы құрылды. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдер тарапынан ашық сабақтар ұйымдастырылып, мұғалімдердің есептері жинақталды, портфолиолары сараптау комиссия мүшелеріне ұсынылып қорытындысы бойынша   


Оқу жылы

Біліктілік санатын көтеруге өтініш берушілер

І кезеңнен өткендер

Барлық санатын көтергендер

сарапшы 

модератор

1

2021-2022 ж

6

5

5

3

2


Ұлттық біріңғай тестілеу

Биылғы  оқу жылында жалпы 11-сыныпта 8 оқушы білім алды,соның  жыл басында 5 оқушысы   ҰБТ қатысуға өтініш білдірген.  Жыл басында ҰБТ дайындық жүргізуге арналған жұмыс жоспары құрылған, жоспарға сәйкес пән мұғалімдері аталған оқушылармен жыл көлеменде дайындық жұмыстарын жүргізді. ҰБТ-ге ниет білдірген оқушылар 23.05 күні білім грантын алу үшін бірінші кезеңіне толықтай қатысты нәтижесінде


Р\с

Аты-жөні

Мат.

сауатты-лық

Оқу сауаттылық

Қаз.

тарихы

Таңдау пәндері

Жалпы балы

1 таңдау

2таңдау

пәні

балы

пәні

балы

1

Абайбек Жанерке

5

18

10

Дүн тар

17

құқық

13

63

2

Арын Шаттық

9

14

9

Дүн тар

17

геогр

20

69

3

Бекен Айжан

9

15

9

Дүн тар

14

геогр

19

66

4

Махмут Жайна

7

15

7

биол

12

химия

8

49

5

Муса Арай

         8

17

11

Дүн тар

17

геогр

17

70

Орташа балл

7,6

15,8

9


15,4


15,4

63,4


2021-2022 оқу жылы қорытындысы бойынша мектептің білім сапасының көрсеткіштері. Мектепте 1мектеп алды даярлық тобы және 13 сынып комплектісі топтастырылған. жыл басын 1-11 сыныптарда 178 оқушымен бастап,жыл соңында   178 оқушымен аяқтадық.  

Жыл қорытындысы бойынша 51 үздік , 45 екпінді оқушы,білім сапасы 60%   үлгерім 100%.

 

Жекелеген пәндер бойынша

 

Сыныптар бойынша 

 

Әдістемелікжұмысты талдай келе алдағы оқу жылына 

қойылатын міндеттер:

  • Педагог мамандардың біліктілігін және цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жүйелі жүргізу
  •  Мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату мақсатында тірек мектептермен байланысты күшейту.
  • Педагог мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында түрлі деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысуын тұрақтандыру
  • Пән бірлестіктерінің жылдық жоспарларының нақты әрекетке бағытталуын басшылықта ұстау
  • Мектептегі шығармашылық топ жұмысының жүйелі құрылып, жоспарлы жүргізілуін ұйымдастыру
  • Жекелеген пәндер мен сыныптар бойынша білім сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстарды жоспарлау.
  • Қабілетті оқушылардың облыс\республика деңгейіндегі байқауларға қатысуын басшылыққа алу.



Нәтижені талдау

Күшті

- оқу бағдарламасының орындалуы

-қатаң есептегі құжаттардың уақытылы жүргізілуі

-қабілетті оқушылармен жұмыс (аудандық олимпиада)

- кәсіби біліктілікті арттыру

әлсіз

 -білім сапасындағы олқылық  

- Пән кабинеттерінде заманауи оқыту құралдарының тапшылығы

-  Педагог мамандардың озық тәжірибелерімен бөлісуі

- Шығармашылық топ жұмысы

мүмкіндік

-пән мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісуі (облыс/республика көлемінде)

- оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға,ғылыми жобаларға  қатысуы 

- білім сапасындағы олқылықтарды жою (жекелеген сыныптар бойынша)

қауіп

-білімдегі олқылық оқушылардың     белгілі бір сыныптың білім сапасын төмендеуіне ықпал етуі 

-Мұғалімдердің тәжірибесіндегі бірсарындылық оқушылардың пәнге қызығушылығын төмендеуіне әсер етуі




Қорытынды

Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе бөлісуі кәсіби дамуына, оқушылардың түрлі байқаулардан жүлделі орындарды иеленуі оқушылардың пәнге қызығушылығының артуына оң әсерін тигізеді. Дегенмен кейбір сыныптардағы білім сапасының төмендігі білімдегі олқылықтардың туындауына себеп болып отыр. Пән мұғалімдерінің сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді тұрақты қолданбауы, АКТ құралдары мен білім платформаларын тиімді қолдана алмауы мұғалімнің заманауи білім беруіне кері әсерін тигізуі қаупін тудыруы мүмкін.Сондай –ақ , педагог мамандардың тәжірибесінің шыңдалуына ,кәсіби жетілуіне  мектептегі шығармашылық топ жұмысының әлсіздігі де себеп болып отыр.