7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұранды елдің ұрпағы" атты салтанатты жиын өткізілді » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұранды елдің ұрпағы" атты салтанатты жиын өткізілді
07
май
2023

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұранды елдің ұрпағы" атты салтанатты жиын өткізілді

Жетісу облысы, Панфилов ауданы "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында 07.05.23ж Айдарлы орта мектебі оқушыларымен, ауылдық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұранды елдің ұрпағы" атты салтанатты жиын өткізілді. Бұл жиында ауылымыздан шыққан нағыз ел патриоттары Отан қорғаушылар, әскери қызметте жүрген 22 азаматтың аттары аталып ауыл тұрғындары және ауыл жастары алдында үлгі етіліп насихатталып, әрбір  әскери азаматтардың ата-аналары округ әкімі атынан" Алғыс хаттармен" марапатталды.  Бүгінгі күні бұл 22 әскери қызметте жүрген азаматтардың 15-сі  әр облыста, әр қалада  үлкен лауазымда жүрген арнайы  офицерлер құрамындағы жігіттер болса қалған 7-і азамат келісім шарт бойынша әскери қызметте жүрген азаматтар. Бұл кішкентай ғана ауылымыз үшін үлкен жетістік. Салтанатты жиын соңы "Тәуелсіз елім Қазақстан" атты мерекелік концертпен жалғасты. 
#Мектеппарламенті 
#Ұшқыройалаңы 
#Дебат 
#Жасұланұйымы 
#Өзінөзібасқаруұйымы 
#Экологияфракциясы 
#ЖетісуОблысыМектепПарламенті
#Панфиловбілімбөлімі