ЕРЛІК ЕШҚАШАНДА ҰМЫТЫЛМАЙДЫ » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕРЛІК ЕШҚАШАНДА ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
10
май
2023

ЕРЛІК ЕШҚАШАНДА ҰМЫТЫЛМАЙДЫ








ЕРЛІК ЕШҚАШАНДА ҰМЫТЫЛМАЙДЫ 
    Биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл. 9-мамыр Жеңіс күніне" орай Айдарлы ауылындағы "Ер есімі, ел есінде" атты ескерткіш алаңында
 "Ұмытылмас ерлік" тақырыбында салтанатты шара өткізілді.          Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.   Ауылдық  мешіт имамы А.С. Жумабаев қаза болғандарға арнап құран бағыштады. Жиын барысында ауыл әкімі тұрғындарды "Ұлы Жеңіс" мерекесімен құттықтап, Жеңіс мерекесі барлығымыз үшін ең қымбат тарихи күн екенін, сол соғыста елі үшін талай азамат жанын қиғандығы айтылды. Мектеп оқушылары "Ұлы Жеңіс жасасын" тақырыбында әдеби жыр сағатын ұсынды. Мереке соңы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Көркемөнерпаздар» үйірмесі мүшелерінің  қатысуымен "Жеңіс шуағы" атты концерттік бағдарламамен жалғасты.
  Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін.
#Ерлікешқашандаұмытылмайды
#Ересіміелесінде
#Мектеппарламенті 
#Ұшқыройалаңы 
#Жасұланұйымы 
#Өзінөзібасқаруұйымы 
#Экологияфракциясы 
#ЖетісуОблысыМектепПарламенті
#Панфиловбілімбөлімі