«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2023-2024 оқу жылы. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2023-2024 оқу жылы.
16
январь
2024

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2023-2024 оқу жылы.

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2023-2024 оқу жылы.

2023-24 оқу жылында мектепішілік фокус топ құрылып,құрамына мектептегі деңгейлік бойынша білімін жетілдірген мұғалімдер,модератор,сарапшы және зерттеуші біліктілік санатындағы мұғалімдер алынды.

Зерттеу сұрағы: «Проблемалық оқыту әдістерін қолдану оқушылардың танымдық қабілеттері мен оқуға ынтасын арттыруға көмектеседі ме ??»

Мақсаты: икемді дағдыларды дамыту  арқылы білім алушылардың белсенділігін жақсартуға  ықпал ету;

Күтілетін нәтиже: 

-білім алушылардың оқуға деген белсенділігін жақсартуда икемді дағдыларды дамыту әдістерімен танысады;

- білім алушылардың оқуға деген белсенділігін жақсартуда икемді дағдыларды дамыту тәжірибелерін бөліседі;

- педагогтер алған білім мен тәжірибесін тәжірибеде қолданады;


Оқу жылының басында тақырыпқа сай жоспар құрылып, топ мүшелеріне таныстырылды. Жоспар бойынша қазан айында топ мүшелері және мектеп психологі оқушылардың бойында икемді дағдылардың қажеттілігін анықтау бойынша сауалнама алып, нәтижесінде оқушылардың икемді дағдыларды игеру деңгейі бойынша логикалық-жағдаяттық тапсырмаларды орындауда қиындықтар байқалды 

Қараша айында Ғ.А.Масабаеваның ұйымдастыруымен тақырыбында  және «Табысқа жетудің кілті-икемді дағдыларды оқыту және оқу үдерісінде қалай дамытуға болады?» тақырыбында коучинг және «Оқушылардың мәселені шешу дағдыларын дамытуды сабақта іске асыру әдіс-тәсілдері. Проблемалық оқыту технологиясы.» тақырыбында шеберлік сынып Ж.Б. Смайлованың ұйымдастыруымен  өткізілді.

Желтоқсан айында «Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және ағылшын тілі сабақтарында проблемалық оқыту технологиясы әдістерінің оқушылардың мәселені шешу дағдыларын дамытудағы ролі» тақырыбында «Ізгілік гуманиткрлық пәндер бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылып,өткізілді.Онкүндік барысында аталған пән мұғалімдері үлгі сабақтар мен ашық сабақтар өткізіп, сабақтарында негізгі фокусты тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларға бағыттады.

Атап айтқанда 7-сыныпта ағылшын тілі пәнінен өткізілген «The most environmental issues» тақырыбындағы сабақта пән мұғалімі Ж.Б.Смайлова жаңа сабақты бекіту кезеңінде «балық» қаңқасы органайзері көмегімен «Біз ғаламшарды қорғау үшін не істей аламыз?» деген сұраққа оқушылар ғаламдық жылынудың себептері,әсері және проблеманы шешу жолдарын ұсына отырып,оқушыларың аталған қоршаған орта мәселесіне өз үлестерін қалай қоса алатындықтарын айтуды тапсырды. Оқушылар өз қолдарынан келетін бірнеше шешімдерді ұсынып,балық қаңқасының тиісті бөлігіне жазды.Оқушылар сабақта топтық, жұптық тапсырмалар орындау барысында белсенділік көрсетті. 


8-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Т.А.Жетпісбаеваның «Еңлік-Кебек дастаны» тақырыбында өткен ашық сабағында пән мұғалімі оқушыларға «Аталған Еңлік-Кебек трагедиясының  орын алуына кім немесе не кінәлі?  Ұлттық сана ма? Билік пе? Заман ағымы ма? Әлде..?» «Егер дәл осы жағдай қазіргі қоғама орын алар болса қандай шешім ұсынар едіңдер?» мәселелік сұрақтарын ұсынды.  Оқушылар топтарда талқылап,қазақы салт-дәстүрдің кейбір қатал тұстарына қынжылыстарын білдіріп, сол түстағы адамдар мен қазіргі қоғамдағы адамдардың айырмашылығын саралап, әр топ өз нұсқаларын ұсынды. . Кейбір оқушылардың жауаптары ұтқыр болса,кейбір оқушылар ұтымды ойлар айтуда қиналатындығы байқалды.











 
 



9-сыныпта орыс тілі пәнінен Б.Ж. Рахметчаеваның «Солнце – это цветок» тақырыбындағы сабағында оқушыларға сабақты қорытындылау кезеңінде  оқушыларға оқыған шығарма мазмұнына сәкес жер бетінде жеті жылда бір рет қана күн шығуы мүмкін бе? Егер солай болса оның себебі не болуы мүмкін?  деген сұрақты ұсынып,   ПОПС әдісі арқылы талдап,сипаттауын тапсырды















8-сыныпта орыс тілі мен әдебиеті пәніен О. Сулейменов «Земля, поклонись человеку!» тақырыбындағы сабағында пән мұғалімі Г.Ж.Қалиакпарова сабақтың бекіту кезеңінде оқушылардан шығарма тақырыбы бойынша «Қалай ойлайсыңдар, адам Жер-Анаға бас ие ме?» деген сұрақ қойып, оқушылар қоршаған орта проблемасының негізгі себептері осы адамзат қолымен жасалуда деген тұжырымға келіп, адам баласы Жер-Ана алдында бас июі керек деген ойларын дәлелді жеткізе білді.







5-сыныпта ағылшын тілінен  «Work past and future» тақырыбында жас маман Садықбек А.К өткен сабақта оқушылар (Is there a risk of  past work being lost if future works are used?- What should be done to avoid such a situation?) Бұрынғы замманна келе жатқан мамандықтар қазіргі кездегі жаңа мамандықтар салдарынан жойылып кетуі мүмкін бе? Бұндай жағдай туындамас үшін не істеуге болады? Деген сұрақтарға өз ойларын дәлелді жеткізуге тырысты.



fokus-top-1-zhartyzhyldy-orytyndy-2023-24.docx [5,14 Mb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: fokus-top-1-zhartyzhyldy-orytyndy-2023-24.docx





10-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен Нұрымжанова Р.Н әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау оқу мақсатына құрылған,«Қазақтың   Қанышы» тақырыбындағы сабағында 

Қаныш Сәтбаев неге шетелде білім алған? Бүгінгі күні жастардың шетелде оқуға деген мүмкіндіктері қандай? деген мәселелік сұрақтарына оқушылар «жұмыртқа аршу» әдісі арқылы жауаптарын ұсынды.


















Топ жетекшісі        Смайлова Ж.Б