«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2022-2023 оқу жылы. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2022-2023 оқу жылы.
15
февраль
2023

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2022-2023 оқу жылы.

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепішілік фокус топ жұмысының І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстарының қорытындысы. 2022-2023 оқу жылы.

2022-23 оқу жылында мектепішілік фокус топ құрылып,құрамына мектептегі деңгейлік бойынша білімін жетілдірген мұғалімдер,модератор,сарапшы және зерттеуші біліктілік санатындағы мұғалімдер алынды.

Тақырыбы: «Қара жәшік ішіндегі жұмысты тиімді қолдану білім алушылардың оқуға жауапкершілік алуына қалай көмектеседі?»

Мақсаты:         Желілік қоғамдастық аясында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық жасау, оқу мен тәрбиеде ұжымдық пікір білдіруді және оқу бағдарламасындағы міндеттерді шешу жолдары туралы   ақпарат алу, ізденуді қалыптастыру.

Міндеттері: 

1. Білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби тәжірибесін жетілдірудегі іс- әрекеттерін белсендеру және дамыту. 

2. Мұғалімдерге жаңа әдіс- тәсілдерді игерту арқылы оқытудың жаңа дағдыларымен жұмыс істеуді үйрету.

3. Мектеп пен желілік қоғамдастықтың арасында ынтымақтастық орнату.

4. Мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру мақсатында  көмек көрсету.

5. Бағдарламалардың идеяларын іске асыру мақсатында жетекші мектеп мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік- ақпараттық желілік әрекеттестігін ұйымдастыру. 

6. Оқыту, іс тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар мен вебинарларға қатысу.

Күтілетін нәтиже:

1.Мектеп пен желілік қоғамдастық аясында ынтымақтастық орнайды.

2. Желілік қоғамдастық аясында тәжірибе алмасады,өзара қолдау көрсетіледі.

3.Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек көрсетіледі.

4. Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерімен жұмыс жасайды

Оқу жылының басында тақырыпқа сай жоспар құрылып, топ мүшелеріне таныстырылды. Жоспар бойынша қазан айында мнектепішілік әдістемелік кеңес отырысында топ жетекшісі Ж.Б.Смайлова «Оқу мақсатына жету үшін тапсырмаларға критерийлер мен дескрипторлар құрастыру жолдары»  тақырыбында шеберлік сағаты және топ мүшесі Нуралиева Ә.Т ұйымдастыруымен «Критерийлерге негізделген кері байланыс» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды.

Сонымен қатар  топ мүшесі Т.А  Жетпісбаева «Тиімді сұрақтар қою арқылы білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту» тақырыбында демо сабақ көрсетті.

Қараша айында Ғ.А.Масабаеваның ұйымдастыруымен «Сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында шеберлік сағаты және «Сабақ мақсаты мен кері байланыстың үйлесімділігі-оқушы білімін бақылаудың тиімді жолы» тақырыбында коучинг З.А. Зейдинованың ұйымдастыруымен  өткізілді.

Желтоқсан айында «Сабақтың табыс критерийлерін ұсыну және талқылау» тақырыбы бойынша топ мүшесі Б.Ж. Рахметчаева микросабақ өткізді. Барлық ұйымдастырылған шаралар бойынша рефлексиялық есебі жасалынды.

Алдағы уақытта атқарылатын іс шаралар жоспар бойынша төмендегідей:

Жұмыс мазмұны

 Жұмыс формасы

Жұмыс нысаны

Орындалу уақыты

Жауапты 

10

Сабақта өзара бағалауды ұйымдастыру-оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру

шебер сынып

әдістемелік кеңес

қаңтар

Кумбаева А.М

11

Оқушылардың кері байланыс беру дағдыларын жақсарту әдістері

үлгі сабақ

сынып

қаңтар

Смайлов М.Б

12

«Әдістермен бөлісейік... тиімдісін таңдайық»  

онкүндік


қаңтар

сарапшы, зерттеуші, шебер біліктілік деңгейлі  педагогтар

13

Қалыптастырушы бағалау барысында сұрақтарды қолданудың әдістері

үлгі сабақ

жас мамандар

ақпан

Байбатырова Ж.Қ

14

Бастауыш сынып оқушыларын өзін өзі және өзара бағалауға үйретудің маңыздылығы

семинар практикум

мектеп

ақпан

Ибраимова А.Қ

15

Сыныпта оқушылардың өзара бағалауын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі

демосабақ


наурыз

Нұрымжанова Р.Н

16

Сабақта кері байланысты қамтамасыз ету

семинар практикум

әдістемелік кеңес

наурыз

Нургожаев А.А


Топ жетекшісі              Смайлова Ж.Б