«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологының 2021-2022оқу жылындағы жылдық бойынша жүргізілген жұмыстарына SWOT-талдауы. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологының 2021-2022оқу жылындағы жылдық бойынша жүргізілген жұмыстарына SWOT-талдауы.
09
май
2022

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологының 2021-2022оқу жылындағы жылдық бойынша жүргізілген жұмыстарына SWOT-талдауы.

«Айдарлы  орта  мектебі   мектепке  дейінгі  шағын   орталығымен» коммуналдық мемлекеттік     мекемесінің педагог-психологының 2021-2022оқу жылындағы жылдық бойынша  жүргізілген жұмыстарына 

SWOT-талдауы.


Мықты жағы

1. Мектепте 1 психолог қызмет етеді.

1. Умбеталиева Молдир Новардиновна

Өз білімдерін жетілдіру мақсатында өз уақытында курстан өтіп отырады.Аудандық педагог- психологтар арасында  өткен «Әдістемелік сандықша »байқауына қатысып, «Үздік әдіс-т»Мектепте жылдың басында бес бағыт бойынша жылдық жоспар құрылып,айлық жоспарлар жасалынды. Сенім жәшігі жұмыс жасайды.

Диагностикалық бағыт бойынша  оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырылды. Диагностикалық жұмыстар тестер, сауалнамалар алынды.

Қыркүйек, қазан айларында 1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық бейімделу кезеңіне байланысты диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Оқушылардан «Жануарлар мектебі» әдістемесі, «Менің жанұям» графикалық тестері алынып, қорытындысы шығарылды. Қазан, қараша айларында 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңіне байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында мына аспектілерге көңіл бөлінді: 

  1. Баланың танымдық іс-әрекетінде көрінетін психологиялық ерекшеліктері (ақыл-ойының қабілеттілігі, дамуы)
  2. Жеке-мотивациялық өрісінің ерекшеліктері (мазасыздық деңгейі)
  3. Оқушының қарым-қатынас жүйесінің ерекшеліктері (сыныптастарымен, мұғалімдермен эмоционалдық қарым-қатынасы)

Лусканованың оқу мотивациясын анықтау тесті, «Түймедақ» әдістемесі,  «Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтау» тесті алынып, қорытындысы бойынша диагностикалық карталары толтырылды. Бұл психологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша мектептегі мазасыздық деңгейі төмен, топтық бірлік жоғары, мектепке, сыныптастарына, мұғалімдерге деген қарым-қатынастары жағымды. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесін сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен таныстырып, ұсыныстар берілді. 

Бүгінгі таңда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да суицидке бейім, тәрбие ісіне қиындық келтіретін ,мазасыздық деңгейі жоғары балаларды анықтау мақсатында 7-11 сыныптардан тестер жүргізілді, «Аяқталмаған сөйлемдер», баланың мазасыздық деңгейін анықтау тестері, анкеталар алынып, қорытындысы шығарылды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесе отырып, мектептегі зорлық-зомбылықты, суицидке бейім балаларды анықтау, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықты анықтау мақсатында 7-11 сыныптар аралығында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. 

Сонымен бірге 11-сынып оқушыларынан өзін-өзі бағалау, зейін тұрақтылығы, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін диагностикалау тестері алынды. 

Білімінде олқылығы бар оқушылармен жұмыс барысында тізімдері анықталды. 

Коррекциялық бағыт бойынша әрбір диагностикалық жұмыстардың қорытындысына сәйкес түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліп отырылды. 1,5 сыныптармен бейімделу кезеңіне байланысты кездескен қиыншылықтарды түзету мақсатында қызығушылықтарын арттыратын психологиялық ойындар жүргізілді. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ға дайындау мақсатында  жоспарлы түрде психологиялық дайындық жұмыстары жүргізілді. Байқау тестерінде төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытатын жаттығулар, ойындар жүргізілді. Үйден оқитын оқушылармен де түзету-дамыту сабақтары үнемі өткізіліп отырылды. 

Білімінде олқылығы бар оқушыларымен диагностика нәтижелері бойынша зейінді, есті дамытуға арналған жаттығулар жасалды. Психопрофилактикалық бағыт бойынша жекелеген топтармен, сыныптармен психологиялық ойындар, тренигтер жүргізілді. 

11-сынып оқушыларымен «Емтихандағы өз-өзіне сенімділік», «Мен өмірге сеніммен қараймын», «Мен барлығын жасай аламын», стрестен арылту мақсатында «Стресті қалай жеңуге болады?» атты сабақтар өткізілді.

Кеңес беру бағыт бойынша жекелеген оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен жеке әңгіме өткізіп, сұраныс бойынша жеке кеңестер беріліп отырылды. 11-сынып оқушылармен ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керектігі жайлы әңгіме өткізілді. Жас мамандарға оқушы мен мұғалім, мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа байланысты жеке кеңестер берілді.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша қыркүйек айының басында мектебіміздегі денсаулығында ақауы бар балалар анықталып, ол оқушылардың құжаттарын дайындап, ОПМПК (облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) комиссиясына жіберілді. ОПМПК комиссиясынан өтіп, тұжырымдама алған 1 оқушы үйден оқытуға жіберілді. Бұл оқушыға оқу жылының басында ата-аналарымен, пән мұғалімдерімен байланыс жасай отырып, сабақ кестесі жасалынды.


Әлсіз жағы

1.Дарынды оқушылармен         жүргізілетін жұмыстың толық орындалмауы.

2.Білімінде олқылығы бар оқушылардың оқу мотивациясын көтеру мақсатында түзету-дамыту жұмыстарын үнемі жүргізу;

3.Оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету;

4.Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру;



Мектеп психологі                 М.Н.Умбеталиева