Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша психологиялық қызмет бойынша I жарты жылдық жұмысқа талдау. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша психологиялық қызмет бойынша I жарты жылдық жұмысқа талдау.
02
февраль
2023

Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша психологиялық қызмет бойынша I жарты жылдық жұмысқа талдау.

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша психологиялық қызмет бойынша I жарты жылдық жұмысқа талдау.


Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі  мақсаты:

Білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностиалар жасау, қазіргі   мектептегі жаңартылған білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамту.

Міндеттері:

          Оқушылардың мектепке бейімделуін түзету мақсатында және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын алу. Балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау.

          Оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу.

          Үлгерімі, тәртібі төмен және жоғары оқушылармен диагностикалық, 

          Кәсіптік бағдар беру дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процесстерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру;

Психологиялық жұмыс әрекетінің негізгі бағыттары:

Психологиялық диагностика

Мақсаты: оқушы ата – ана, мұғалімнің тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми болжау.

Психологиялық профилактика

Мақсаты: мұғалім, ата – ана, оқушы психологиялық  білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу.

Психологиялық түзету, дамыту

Мақсаты: мүмкін болатын ауытқудың алдын алу шаралары.

Психологиялық консультация

Мақсаты: диагностикалық негізде туындаған мәселе бойынша кеңес беру.

     Күшті жағы

Педагогикалық – психологиялық қызметте жоспар бойынша жұмыс жасалынды. Қыркүйек айында жалпы мектеп ата – аналарынан оқушылармен психологиялық жұмыс жүргізуге келісімшарт жасалынды. Оқушылармен қыркүйек, қазан, қараша айларында диагностикалау коррекциялық түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру қызметі жоспарлы және қажет етілген уақытта берілді. Ағартушылық жұмыс айлық жоспар негізінде жүргізілді. Жаңадан мектепке қабылданған оқушылардың  іс-құжаттарымен танысып, әлеуметтік-тұрмыс жағдайын, жартылай жетім, сәтсіз отбасыларынан шыққан балаларды анықтап, әр оқушыға жеке диагностикалық карта құрылды.Әр сыныпқа психологиялық карта жасалынды.Адаптация және сабақтастық кезіндегі кездесетін қиыншылықтардың алдын алу М.А.Д. 1 – 4 – 5- сыныптармен әңгімелесу, іскерлік ойындар, жаттығулар өткізілді. Жыл басында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, әр оқушыға жеке психологиялық   зерттеу картасы, оның ішінде отбасы жағдайы, темпераменті, мінез-құлқы, қандай кедергілер бар екенін анықтайтын сұрақтар қамтылды. Екінші зерттеу картасында танымдық процестерінің ,яғни, оқу қызметіндегі ынтасы, ойлау қабілетінің жылдамдығы, есте сақтау қабілеті, зейіні, мазасыздану деңгейлерінің көрсеткіштері көрсетілген. Оқушының өзіне деген сенімділік дәрежесін анықтау мақсатында тест алынып, қорытындысы бойынша психокоррекциялық сабақ жүргізілді.. «Дұрыс қарым – қатынас жасай білу» жаттығу сабақтары жүргізіліп, өз мүмкіндігін қалай дұрыс пайдалануға болатындығы туралы кеңестер берілді.5-сынып оқушыларының   орта буынға бейімделу процесін жеңілдету, оқушылардың өзара  қарым-қатынасын дамыту  мақсатында   жаттығу сабақтар өтілді. 

      Өтпелі кезеңнің келеңсіздіктерінен сақтандыру мақсатында 9 сынып оқушылары арасында «Дау – дамай, одан құтылудың жолдары. Зорлық-зомбылық» тақырыбында жаттығу сабақтар   жүргізілді. «Кибер булинг» жайында ата – аналарға, педагогтарға, оқушыларға өз деңгейіндегі булингке не жататынын және оны болдырмаудың жолдарын ұсындым. Зорлық – зомбылықтың мектептегі деңгейін білу үшін құпия сауалнамалар алынды.

     Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында құқықтық білімін арттыруда мектепшілік семинарлар, рухани ізгілік сабақтар өткізілді.

     Педагогикалық әдеп кодексін сақтаудың алдын алу бойынша баяндама, дөңгелек үстелде бейнетаспа көрсетіліп, пікір алысты. «Сенім жәшігі» бойынша әр күн сайын жәшік тексеріліп, сейсенбі, жұма күндері журналға тіркеліп отырды. Сенім телефондары жайында оқушы, ата – ана, педагогтарға үнемі түсінік жұмыстары жүргізіледі.

     Ата-аналар жиналысында «Балаға ата – ананың ықпал ету құпиялары» тақырып аясында әңгіме жүргізіліп, кеңестер, жадынамалар   таратылды. Кеңестер «кеңес беру» журналына тіркеліп жазылды.

      Бастауыш сыныптан орта буынға өту барысында 5-сынып оқушыларымен төмендегідей жұмыстар жүргізілді. «Ғарыш», «Бос орындықтар», «Ішіндегіні тап», «Алфавит тәртібі» т.б.жаттығулар жүргізіліп, арт терапияляқ жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың 5 сыныпқа әлеуметтік-психологиялық бейімделуге көмек көрсетілді.

      Үлгерімі нашар, девиантты оқушылармен түзету – дамыту жұмыстары жаттығулар мен ойындар, ертегі терапиясы, арт терапиясы негізінде жүзеге асырылды.

      Мінез – құлқында қиындық келтіретін және әлуметтік жағдайы төмен, сәтсіз отбасы балаларының ата – аналарымен оңалту жұмыстары бойынша, мінезінде қиындық тудыратын оқушы жоқ. Отбасы жағдайына байланысты есепке алынған оқушыларға жеке кеңес, психолгиялық көмек, психологиялық жаттығулар ата – аналарымен өткізілді.

       5-11-сынып оқушыларымен «Социометрия»әдісі,  Н.Г.Лускановтың «Оқу мативациясы» , «Өзіңе деген сенімділік дәрежесі қандай?»,»Мен өзімді мақтан етемін»психокоррекциялық сабақ ,»Эмоция және түс», тақырыбында сабақтар және «Арттерапия» элементтері  жүргізіліп көмектер көрсетілді. 4-сынып оқушылардың мінез-құлқын анықтауға біршама жұмыстар жүргізілді.       

      Ата-ананың өзіне деген сенімділігін жасқарту мақсатында «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы алынып,нәтижесі шығарылды. «Бала біздің болашағымыз, менің үйім және ондағы орным (дөңгелек стол) оқушылар, ата-аналар» ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынастары нығайтылды.     Ата-анаға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан кеңес. Мұғалімдер мен жас мамандарға арналған психологиялық кеңес: Емтихан алдында берілетін психологиялық кеңестер берілді. Дарындылық бойынша  мектепте барлығы 23 оқушы қабілет дарын орталығының ұйымдастырған сауалнамасынан өтіп, қорытындысы әзірленді.Ұжымның психологиялық климатын анықтауда «Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалы» тестінің көрсеткіші мына диаграммамен айқындалады



                    








Аутогендік жаттығулар жүргізілді.    2-5 сынып оқушылары арасында танымдық ойындар жүргізілді.Ой жылдамдығын дамыту жаттығулары «Сөзді аяқтау»

Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.

«Артық сөзді тап» жаттығуы

Мақсаты: Ойлау процестерін дамыту жаттығулары, мағыналы белгілерін қорытындылау, дерексіздендіру, бөліп алу. «Артық сөзді тап» жаттығуы

Ой алғырлығын дамыту жаттығулары

Мақсаты: оқушылардың белгілі бір ұғымды білдіретін сөздік қорын дамыту.

«Қол саусақ жаттығуы» жаттығуы

Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту

«Ғажайып» жаттығуы

Мақсаты: қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған.

          9-11 сыныптар арасында «Мамандықтар әлемі» атты тақырыпта психологиялық танымдық ойындар жүргізілді.

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға ынта-ықласын арттыру.

Кезеңдер:

1.Таныстыру

2.»Әріпті мамандық»

3.»Ең жақсы»

          Оқушылардың сөз мағыналық ойлауының даму деңгейін анықтау мақсатында тұлдыр, жартылай жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушылар арасында субтесттер алынды.

Барлық оқушылар қорытындымен таныстырылды. Оқушы, ата – аналарға жадынамалар таратылды.

Кәсіптік бағдар бойынша әртүрлі мамандармен кездесу  ұйымдастырылды.

          8-11 сыныптар арасында дінге байланысты «Мен және менің көзқарасым»  сауалнамасы алынып, нәтижесі шығарылды.

     Қыздар, ұлдар арасындағы жеке бас гигиенасы және ерте жыныстық қарым – қатыныастың алдын алуда дөңгелек үстел, психологиялық кеш өткізіліп, дөңгелек үстел, кеш барысында бейне таспалар көрсетіліп, баяндама, пікір алмасу жүргізілді. 

11 сыныптарды ұлттық бірыңғай тестілеуге, мемлекеттік емтиханға даярлау барысында қобалжуды болдырмау, қорқынышты сейілту,есте сақтауды дамыту, зейіндерін шоғырландыру, уақыттарын тиімді пайдалануға әртүрлі бағытта жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар жас мамандарға түрлі сауалнамалар мен тренингтер, тестер жүргізіледі







Аттестатциядан өтетін мұғалімдерді, жас мұғалімдерді анықтау, тізімі алынып әңгімелесу ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтау ( үйден оқитын оқушы, ОПМПК бақылауындағы оқушыларды, мүгедек оқушыларды) құжатарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Үйден оқитын екі оқушы тексеруден толық өтті.

Әлеуметтік жағдайына байланысты психологиялық қолдау көрсетілді.

Үйден оқытылатын оқушылармен осы аталған жұмыстар жүргізіліп тұрады.

Әлсіз жағы

Оқушыларға арналған салауатты өмір салтын насихатайтын топтық кеңестердің санын артыру.

-Сабақтан тыс басқа әңгімелерге қызығып кетуі;

-Үй жұмысын орындауға еріну;

 -Таңертең тұрғанда қиналу;

    Педагогтар мен психологтар бастауыш сынып оқушыларының орта буынға көшуін дағдарыс кезеңі деп атайды. Әрине мұндай шешімге келуге толық негіз бар. Оқушыларды бақылау кезінде көбісінің сабаққа үлгерімдерінің, оқуға деген қызығушылықтарының төмендегені, өзара қарым-қатынас кезінде достық сезімдері ажырап, достарының арасында салқындық сызаты түскені байқалады, ұстаздар тарапынан болған ескертулерге шамданып, қатты дауыспен жауап беру кездеседі. Осы көріністердің бәрі дағдарыстың айғағы. 

Қауіп-қатер        

1.Жасөспірім оқушылардың интернетке тәуелділігі.

2.Ата-аналардың жұмыс бастылығына байланысты балалардың бос уақытының тиімсіз өтуі.

3.Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильм, видео мен ойындарды көріп,ойнау арқылы балалардың арессивтілігінің жоғарлауы

     Мүмкіндіктер 

1.Мектептегі психологиялық қызметтің перспективті жоспары бойынша  2022-2023  оқу жылдарында   қазақ психологиялық қауымдастығымен бірлесе отырып республика көлемінде тәжірибе алмасып, тарату.

2.Оқушыларда   үлгермеушілікті болдырмаудың алдын алу.          

3.Кәсіптік бағдар беру дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процесстерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру;