"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ М.Мақатаевтың туған күніне орай "Ақиық ақын-Мұқағали" атты ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ М.Мақатаевтың туған күніне орай "Ақиық ақын-Мұқағали" атты ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті.
10
февраль
2023

"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ М.Мақатаевтың туған күніне орай "Ақиық ақын-Мұқағали" атты ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ М.Мақатаевтың туған күніне орай  "Ақиық ақын-Мұқағали" атты  ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті.  "Жыр арқауы-Мұқағали"," "Мұқағали-жырымның шамшырағы" кітап көрмесі қойылды. 
     Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешінде ақынның "Шеше", "Ғашықпын", "Өкінбеймін", "Отан", "Қарасаз", "Ақпан", "Әкеме", "Үш бақытым", "Шыда, шыда", "Өмір жайлы" өлеңдерін мәнерлеп оқып, "Бақыт"," Сенің көзің" әндері шырқалды. 
   "Барлығы да, Поэзия, сен үшін"–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.
Байқау соңында  ынталандыру мақсатында барлық оқушыларға мақтау қағазы табыс етілді. 
#Панфиловаудандықбілімбөлімі
#Қазақтыңақиықақыны
#Мектеппарламенті
#Оқуғақұштармектеп