Білім ордасы » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

Білім ордасы

Білім ордасы

 Айдарлы   орта  мектебі  1944 жылы   бастауыш  мектеп  болып   ашылды, алғашқы   мектеп  меңгерушісі   Нұрбопаев  Жүмәділ  тағайындалып,   бастауыш  пән  мұғалімдері   Ратаева  Айтбүбі,Уалиева  Қалиман,Бижанов  Сұлтан   сынды  ұстаздар  білім   нәрін  берді.1950  жылы   бастауыш  мектептен 7 жылдық  орыс- қазақ   мектебіне  айналды.Мектеп  меңгерушісі   болып  Иманбаев  Әният   тағайындалып  мұғалімдер  қатары   көбейді.Олар: Уалиева   Қалиман,  Ратаева  Айтбүбі, Калиева  Бәттәй   жетекшілік  етті.1952 жылы  7 жылдық   мектеп  10 жылдық  болып   қайта  ұйымдастырылды. Мектеп  директоры   Ұлы  Отан  соғының   ардагері  Бижанов  Сұлтан   болды.Осы  жылы  мектептің   алғашқы 12 түлегі  мектепті  бітірді.                                             Олар:  Ж.Айдарбекова, Д. Ысқақова, А.Жарасбеков , А. Бексұлтанов, А. Жармұхамбетов Б. Аралбаева, Ә.Нұрбопаева,О.Манасбекова, Р.Аділбекова, А.Мұқаева,М.Уалибаев.7 жылдық  орыс- қазақ   мектебінің  алғашқы  директоры Чеченин  Владимир   Федорович болса  осы  жылдары   мектептің  пионер  жұмысын   жандандырып,биіктен  көрінген  алғашқы   пионер  вожатый  Әкімбеков   Кеңес  Әкімбекұлы  болатын.7 жылдық  мектеп   кезінде  Ванкеев  Нұрбай, Жаутиков  Тоқтарбек, Лепесов  Сейсембай   сынды  өз  ісіне   мығым  азаматтар  мектеп   директоры  бола  алды.

 1962   жылдан 1983 жылға  дейін  мектепті   Лепесов  Сейсембай 20 жыл бойы   басқарып, аянбай  еңбек   етті.Осы  тұста  мектеп   7 жылдықтан 10 жылдыққа  ауысты. Мектептің  материалдық-техникалық  базасы   нығайды,заман талабына  сай  пән кабинеттері, шеберханалар, зертханалар  жұмыс  істей   бастады. Директордың  оқу-тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарлары  болып   төмендегі  мұғалімдер  істеді.Олар   Т.А. Стиба,Ө.Сабырбаев, Ә.Әкімбаева, М.Қ.Көркембаева, А.А.Жанғазиев, Б.Қ.Садықов. Осы  жылдары  мектеп   жанынан  малшылардың  балаларына   арналған  40 орынды  мектеп- интернат  үйі   және  асхана  салынып, малшы  балалары   интернатта  жатып  оқыды. Оқу-тәрбие  жұмысын   өз  ісіне  шебер Әбдікәрім Кәрімжанұлы Сабыржанов  жүргізді. Алғашқы  10 жылдық   қазақ  мектебін  12 түлек,   орыс  мектебін 16түлек  бітірді.1983-1985 оқу  жылдары   мектепті  Уалибаев  Сәбиден   Уалибайұлы  басқарды .Мектеп  620 орынды  жаңа   ғимаратқа  көшірілді. Мектептің   материалдық- техникалық  базасы   жаңарды. Сабақтан  тыс  тәрбие   жұмысының  ұйымдастырушы  қызметін   Дәулет Әлімбеков,Гүлсім Тоқтасынқызы Әуезбекова  атқарды.1985-1989 оқу жылдары мектеп  директоры   болып  Садыков  Болатбек   тағайындалды.1989-1994оқу  жылдары  мектеп   директоры  қызметін  Әлекеева Батима Әлекеқызы атқарды, орынбасарлары  болып  А.А.Берсугурова, Р.Б. Құрабалдиев,  Ж.Ш. Кижикова   бекітілді.1994-2000 жылдарда мектепті   Гүлдрхан Әсетқызы Тышманова   басқарды. Орынбасарлары   болып  А.А.Берсугурова,   Б.Б.Кенжеахметова  сайланды. 2001-2008 оқу жылдары  аралығында   мектепті  Байділдаев  Ізтай   Құрманбеков  басқарып  келді.Орынбасарлары:  Б.Қ. Алишеров, Н.А.Мұхамеджанова,  Л.Т.Нұралиева болды.

    2008-2009 оқу  жылынан   бастап  бүгінгі  күнге   дейін  мектепті  ауылымыздың   түлегі  Берік  Құдиярханұлы   Алишеров басқарып  отыр. Орынбасарлары: ДОІЖО - Р.М. Сарсембекова, Г.Ж.Искакова.                            ДТІЖО-  Ә.Н. Жаңбырбаева, 

2019 -2021 оқу жылында мектеп басшысы Б.Қ.Алишеров. Орынбасарлары: ДОІЖО  А.А.Нұрғожаев, ДТІЖО Б.Н.Нұрмухаевмектеп психолог-педагогы М.Н. Умбеталиева ,педагог-ұйымдастырушы С.А.Нуралиева,әлеуметтік –педагог А.Абдиева

2022-2023 оқу жылында мектеп басшысы Б.Қ.Алишеров. Орынбасарлары: ДОІЖО -А.А.Нұрғожаев , ДТІЖО- Ж.Қ.Байбатырова,мектеп  психолог-педагогы М.Н. Умбеталиева, педагог-ұйымдастырушы Т.А.Балғабаева, әлеуметтік –педагог А.Абдиева, логопед-педагог Ж.Қ. Халықбекова