"Ұстаз ұлы тұлға" атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстаз ұлы тұлға" атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді.
06
октябрь
2023

"Ұстаз ұлы тұлға" атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді.






Жетісу облысы, Панфилов ауданы,  "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 
Ұстаздар күніне орай мектебіміздің "Өзін-өзі" басқару ұйымы мектеп ауласын безендіріп,  ұстаздарымызды қошеметпен қарсы алып, "Ұстаз ұлы тұлға" атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді.  Шара барысында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Ж. Қ. Байбатырова ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, ұстаздық жолында шәкірт тәрбиелеп, білім беруде елеулі үлес қосқан ұстаздарды марапаттады.     Оқушылар ұстаздарға деген құрметін өлең шумақтарымен жеткізіп, әнмен әрледі. Ұстаз...Қандай қасиетті сөз! 
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз.
Ұстаздықты ұлық тұтып, ұлағатты мамандықты еншілеп, лауазымдық қызметті зор жауапкершілікпен арқалаған ұстаздардың ұстаздары мерекелеріңіз құтты болсын!