1-қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өткізілді. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өткізілді.
01
сентябрь
2023

1-қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өткізілді.






Жетісу облысы,  Панфилов ауданы,  "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында  алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өтілді. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндерін салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс- шараны мектеп директоры Алишеров Берік Құдиярханұлы   мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшелігімен таныстырды. Келген қонақтар сөз алып 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап сөз сөйледі. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы білім күні сабағына қатысты.