«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
19
сентябрь
2022

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

жалпы ата-аналар жиналысының 

                                                          хаттамасы

                                        № 1                                                   17.09.2022жыл



Төрайымдық  еткен: Алишеров.Б.Қ–мектеп директоры

Қатысқандар: Ата-аналар -93, сынып жетекшілер -16.

Өткен жері: Мектеп АКТ залы


                                               Күн тәртібінде:


  1.  Ата –аналар комитетінің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыс есебі.
  2. Ата-аналар комитетін қайта сайлау, жаңа оқу жылына жоспар бекіту
  3. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алу
  4. «Мектепке  барар жол» акциясын өткізуді жоспарлау
  5. «Суицид – тығырықтан шығар жол емес»  /Тренинг/


Тыңдалды:

   Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.К.Алишеров: Жаңа оқу жылының міндеттері мен өткен оқу жылына шолу жасап өтті. Өз сөзінде мектептегі оқу жағдайындағы жаңалықтар, соның ішінде жаңаша оқу бағдарламаларының орын алып жатқандығын толыққанды атай  отыра ата-аналармен  бірлесе отырып жұмыла көтерген күш жеңіл дегендей  биылғы жылы  оқу жағдайына   көп күш жұмсау керектігі толыққанды айтылды.

Ата-аналар комитетінің төрағасы: Өз сөзінде  мен былтырдан бері яғни оқу жылы бойынша мектептің  барлық іс- шараларына қатысып көптеген жұмыстарына араластым. Әрине мектептің   ішкі және сыртқы жұмыстарынан тыс қалған жоқпын. Сонау 1 қыркүйек –Білім күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жұмыстарды атап өтті.

1.Мектепте аз қамтылған оқушыларды анықтау жұмыстарына ата-аналар комитетінің төрағасы ретінде комиссия мүшесі ретінде араластым. Әлеуметтік педагог және сынып жетекшілерінің мәліметіне сүйене отырып аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың жоқтығын анықтадық. 

2.Мектепте көптеген даталы күндерге арналған іс-шаралар өткізіледі екен, жақсы, көңіл толтырарлық жағдайда.

3.Мектеп оқушылары арасында аудандық ішкі істер бөлімінде тұрған оқушылар жоқ.

4.Мектептің жазғы ремонт кезіндегі мәселеге келетін болсақ,мектеп жаңа, күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен деп атқарылған жұмыстарына есеп берді.



   Екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байбатырова.Ж.К: Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыруға байланысты айтатын болсам,

1.Қазіргі кезде елімізде жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа жетпеген балалар арасында зорлық - зомбылық, қорқыту, ұрлау, бала еңбегін қанау оқиғасы көбейіп кетті.Түрлі зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында мен сіздерге қауіп –қатердің алдын алу бойынша қорғану, сақтану үшін кеңес бергім келеді. Егер сен бір жерлерге барғың келген жағдайда, ата-анаңа қайда баратының туралы үнемі айтып отыр. Таныс емес адамдардан сыйлық алма. Егер біреу сені өзімен бірге еріп жүруді сұраса, ата –анаңның келісімін ал. Егер қорықсаң адамдарға қарай жүгір. Өз мәселеңді бөтен кісілермен бөлісуші болма. Ешкімге есік ашпа және есіктің ар жағынан жауап берме. Егер сені біреу қорқытса, ата –анаңа міндетті түрде айт. Сенің қауіпсіздігіңді ойлаймыз! Мен сендердің қорғаушыларыңмын деп  балаларыңызға үнемі ескертіп отыру қажет.

   2. Егер сіз көлікте, көшеде, аялдамада, пәтерде, басқа қоғамдық орында белгісіз, иесізсезікті зат,қорап немесе сөмке тауып алсаңыз, оған тиіспеңіз,ұстамаңыз, ашпаңыз. Қасына жақындамаңыз, оның жанында ұялы телефон, рация қолданбаңыз,от жақпаңыз. Зат табылған уақытта  полицияға «102» телефонына хабарласыңыз. Осы жағдаяттарды   балаларға  ескертіп отыру  қажет, себебі   бала қауіпсіздігі  әр ата-ана үшін қымбат.

3.Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады.Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады. Сондықтан электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, оған балаларды жақындатпаңыз, сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаған жөн, балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өрт және жану оқиғасы болған жағдайда тез арада «101», «102» телефон нөмерлеріне хабарласқан абзал деп және т.с.с. балалардың қауіпсіздігіне байланысты ақпараттандырып  өтті.

  Үшінші мәселе: Әлеуметтік педагог Әбдиева.А.М: «Мектепке барар жол» акциясына қатысты біздің мектепте аз қамтылған оқушылардың жоқтығын атады. Көмек түрін қажет ететін көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың  жоқтығын да тілге тиек етті.

Төртінші мәселе бойынша Мектеп психологі Умбеталиева.М.Н: «Суицид-тығырықтан шығар жол емес»  тақырыбында бүгінгі таңда баланың өз-өзіне қол жұмсауына жол бермеу мен алдын алу жолдарына байланысты тренинг өткізді. Тренинг барысында «Өзін-өзі жарнамалау» бойынша ата-аналарды өздерінің бойындағы қандайда бір, іскерлік қасиеттерін айтуды ұсынып ой бөлісу орын алды. Түстер бойынша пікірлесу орын алды. 

1.Ақ түс таңдағандар бала бойындағы қорқынышты, үрейді басу үшін қандай көмек жасар едіңіз?

2.Сары түс таңдағандарға бала бойындағы жасқаншақтық мінезді қалай жояр едіңіз?

3.Жасыл түс таңдағандарға балаңыздың мінезінен жағымсыз қылықтар байқасаңыз қандай көмек жасар едіңіз? деген сұрақтармен пікір алмасу тренингін өткізді.Ата-аналар тренинг барысында өз бойындағы қиыншылықтар мен өмірде кездесетін күйзелістерді жеңе білу керектігіне көптеген ақпараттар алды. Өз сөзінде психолог ретінде , жылдық іс-шаралар өткізілетіндігін жұмыстардың ауқымды болатындығын  әрине ата-аналардың арасында да толыққанды  іс-шараларға қатысып отыруын  атап өтті. Мектепте ондай оқушылардың  жоқ болуына  тілектестігін білдірді. Ата-аналарға да сөз беріліп, барлық ата-аналар білімді күшейтуге , ұл қыздарының тәрбиелі болуына, мектеппен тығыз байланыста болуға және өздерінің  мұғалімдермен біріге отырып жұмыс атқарамыз деп  тілектерін айтып өтті. Өз сөздерінде  негізгі кінә әрине ата-аналардың балаға деген жауапкершіліктің аздығында екендігін де атап өтті.

Осы мәселелерді тыңдай келе жиналыс  шешім етті.1.Ата –аналар комитеті төрағасының   2022-2023 оқу жылында атқарған жұмысының есебі қанағаттанарлық деп табылсын.

2.Ата-аналар комитетінің  жаңа құрамы қабылданып, жауапкершілік міндеттері назарға алынып, жұмыстары жандандырылсын. Жаңа оқу жылына жоспар бекітілсін. 

3.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Байбатырова ата-аналарға арналған күн тәртібіндегі мәселелері бойынша  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген бейнероликтері, «Балалар қауіпсіздігі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға» байланысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары  назарға алынып ата-аналар тарапынан жауапкершілік күшейтілсін. 

4. Әлеуметтік педагог А.М.Әбдиева  «Мектепке  барар жол» акциясын өткізуді жоспарлау барысындағы ақпараттық баяндамасы қанағаттанарлық деп табылсын.

5.Мектеп психологі Умбеталиева.М.Н ата-аналар арасындағы «Суицид – тығырықтан шығар жол емес»  тақырыбындағы тренингі  қанағаттанарлық деп қабылдансын. Суицидтің алдын алу мақсатында тренингтер ата-аналар мен оқушылар арасында үнемі өткізіліп отырсын. 



Жиналыс төрайымы:               


Хатшы: