«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы № 2 » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы № 2
22
ноябрь
2022

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы № 2

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

жалпы ата-аналар жиналысының 

                                                          хаттамасы

                                     № 2                                              



Төрайымдық  еткен:Алишеров.Б.Қ –мектеп директоры

Қатысқандар: Ата-аналар -82, сынып жетекшілер -16.

Өткен жері: Мектеп АКТ залы 


                                               Күн тәртібінде:


  1.  Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуінің, балалардың өзіне-өзі қол жұмсауы  және ұмтылуының алдын алу.
  2. Оқушылардың оқулықпен және бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы туралы.
  3. Жұқпалы аурулардың алдын алу
  4. І тоқсан қорытындысы, оқу үлгерімі


Тыңдалды:

    Мектеп директоры Алишеров.Б.Қ: Күн тәртібіндегі төрт мәселені   ортаға салып, баяндамаларын тыңдауды өтінді. 

Бірінші мәселе  бойынша мектеп психологі Умбеталиева.М.Н: Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуінің, балалардың өзіне-өзі қол жұмсауы және ұмтылуының алдын алу   барысын атады. Өз сөзінде: 2022-2023 оқу жылында мектептің медбикесі Чункеева.Қ сынып жетекшілері және мен мектеп психологі 7,8,9,10,11 сынып оқушыларымен жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсудің болмайтындығы туралы, психологиялық, медициналық кеңес беріліп, дәріс оқылды.

    Балалардың өзіне –өзі қол жұмсауы және ұмтылуының алдын алу туралы «Өмірдің мәні неде?» психологиялық тренинг сабақ өткізілді. «Не үшін өмір  сүруді білетін адам қалай өмір сүруді де әрқашан біледі», «Өмір, мен сені сүйемін» өмірге деген бейімділік,табандылық  қарым-қатынасты болуын қалыптастыру, балаға өмірдің құндылығын сезіндіру, түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу мәселелері туралы түсіндірме жұмыс, кеңестер берілді. Әрине ата-аналардың да көмектері қажет. Себебі біз мектептен, сіздер үйден алдын алу жұмыстарын түсіндіріп отырсаңыздар   біздің жасөспірімдерді алдын алып отырғанымыз деп толыққанды ауыз толтырып айтқан болар едік. Сондықтан құрметті ата-аналар!  Осы тұрғыда балаларымызға көңіл бөлу әр ата-ананың бірінші  міндеті деп санаймын. 

Екінші мәселе, әлеуметтік педагог Әбдиева.А:  Оқушылардың оқулықпен және бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы туралы  атып өтті. Жыл басында мектепте 168 оқушы қамтылды. Сынып жетекшілермен бірлесе отырып әр сыныптың паспорттары жасалған. Онда әр сынып оқушыларының отбасы туралы жағдайлары зерделенді. Отбасылар әртүрлі критерилер бойынша реттелген. Мектеп кітапханашысымен бірлесе отырып әр сыныптағы ереже бойынша көп балалы, толық емес жанұядан шыққан оқушылар кітапханамен толық қамтасыз етілді.

   Мектепте аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар тіркелмегендіктен жергілікті бюджеттен ыстық тамақ ішетін оқушылар  жоқ.

   Ал тегін бір мезгілдік ыстық тамақпен оқушылар қамтылып отыр, жергілікті бюджет есебінен.  Асхана жағдайы, ас мәзірі жіті қадағаланды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту, брокераждық  комиссия және кезекшілік туралы мектеп бұйрығы шығарылып, бекітілген деп сөзін аяқтады.

Үшінші мәселе бойынша мектеп медбикесі  Чункеева.Қ:

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектепте қыркүйек айында 1 сынып оқушыларына  манту сынамасы салынды. Туберкулез ауруына қарсы БЦЖ екпесі егілді.  Қыркүйек айының 1-нен қараша айының 30 аралығында Вирусты гепатиттің алдын алу айлығын өткіздік.

  Сондай-ақ, «Вирусты ВС гепатитінің жыныстық жолмен жұғуының» алдын алу барысында 5 сыныптар арасында диктант , «Вирусты гепатит А» 7 сынып оқушылары арасында диктант, 9-10 сыныптар арасында Вирусты гепатиттер тақырыбында дәріс оқыдым. 7,8,9  сыныптар арасында  арнайы бейнероликтер көрсетілді. Жүктіліктің алдын алу мақсатында 7-11 сыныптарға жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу дәрістері оқылды. Ерте жүктіліктің зияны тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Күнделікті 1-11 сынып оқушыларының тазалығын, (тырнақтың өсуі, бит, т.б.) тексеру жұмыстарын атқарып келемін. Мектеп оқушылары арасында осы ауру түрлері мен ауырғандар жоқ.

Төртінші  мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Нургожаев.А.А:

Мектепте жалпы бала саны-168, былтырғыдан қарағанда өсу байқалады. Сапасы 53,5??? пайызды құрады.



Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе жиналыс шешім етті.        

1.Ата-аналарға   байланысты күн тәртібіндегі мәселер бойынша «Қауіпсіз жүріп тұру ережелері», ата-аналарға арналған ақпараттық жадынамаларды тарату, ақпарат беру. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз» ету үшін көрсетілген бейнероликтері, «Балалар қауіпсіздігі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға» байланысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ақпараттық түсіндірме жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.

2.Жиналыс барысында шығып сөйлеген ата-аналардың ұсыныстары назарға алынып  балалардың өмір қауіпсіздігі ата-аналар тарапынан назарға алынып осы істе ата-аналардың жауапкершілігі  күшейтілсін.

3.Сынып жетекшілер өз сыныптарында  балалар қауіпсіздігіне байланысты ата-аналар және оқушылар арасында  нұсқаулар мен дәрістер өткізу жұмыстары ұйымдастырылсын.

              Жиналыс  төрағасы:             

             Хатшы :