«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу» бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу» бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар
10
октябрь
2022

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу» бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтыңалдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем, оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізілуде. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 6 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және әкімшіліктен құралған.Мектепте наркологиялық бекеттер жұмыс істейді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған 130 оқушы тартылып отыр.

 Айдарлы орта мектебінде 1 психолог маман жұмыс атқарады, Умбеталиева.М.Н. Мектеп психологы қызметінің 5 бағыты: диагностикалық, түзету-дамыту, консультациялық, ағарту, әлеуметтік-диспетчерлік. Мектеп психологы мектебімізде диагностика жасау арқылы депрессия және үрейлі бұзылуы бар жасөспірім контингентін анықтау үшін психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында психодиагностикалық зерттеу бағытында проективті әдістер, әдістемелер және тест-сауалнамаларын қолданады.   

    Мектепте арнайы жұмыс кабинеттері жабдықталған. Жұмыс жасауға қажетті жиһаздар мен компьютерлі техникамен және психолог маманға қажетті нормативті құжаттар және әдістемелік оқу құралдарымен, жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етілген. Өмірлік қиын жағдайларға кезіккен оқушылармен мектеп психологы және әлеуметтік педагог бірлесе отырып   жұмыс атқарады.  Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және сәтсіз жанұя, өгей әкемен, өгей шешемен, толық емес және т.б.  балалар әлеуметтік жағдайына байланысты анықталынады. Сонымен бірге оқушылардан алынған сауалнамалардың нәтижесінде қиындыққа кезіккен балалар да айқындалып, дер кезінде түзету-дамыту және алдын алу, кеңес беру бағыттары бойынша жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Мектеп психололгиялық қызметінің мақсаты: жасындағы оқушылардың  денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін, дене және жеке бас дамуының бұзулуына  әкелетін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіру жағдайларының алдын алу.                   Мектепте8-11 сынып қыздары арасында «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты тақырыпта мектеп дәрігері Чункеева.Қ, педагог психолог Умбеталиева.М   логопед Калхбекова.Ж ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесуде оқушыларға  жыныстық қатынасқа ерте түсудің, ерте жүктілік қыздардың денсаулығына зияндары жайлы видеолар  көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ерте жүктілік немен қауіпті?» ,  «Ерте жыныстық қатынастың алдын алу» тақырыптарына пікіралмасу  кезінде жасөспірімдер көп сұрақтарға жауап алды.  

«Қиындық туындаған кездерде», ата-аналарға «Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болады?», «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» қолдау көрсету мақсатында психологиялық кеңестер жүргізілді. Бойларына сенімділік орнатып өмірлерінде қателік жасамауға байланысты «Сенімді болу басты мақсат» тақырыбында тренинг-жаттығулар өткізілді