«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ Ата-аналар жиналысы. » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ Ата-аналар жиналысы.
15
февраль
2023

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ Ата-аналар жиналысы.

«Айдарлы орта   мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ        Ата-аналар жиналысы.



Тақырыбы:


Балалар қауіпсіздігін ұйымдастыру балаларға қатысты


зорлық- зомбылықтың алдын алу

Баяндама




                                                                                          ДТІЖО:     Байбатырова.Ж.К



Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты   зорлық-зомбылықтың алдын алу


        Қымбатты ата-аналар, сіздермен  кездескенімізге қуаныштымын. Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс, ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналарымыз жиналған екен, қош келдіңіздер!

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар  үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. 

      Осы бағытта «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-ІV Заңы, 9-бапта Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құзіреті берілген. Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық-экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.(4 тарау, 26 баптан тұрады). 

          Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды. Онда балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған ата-ана, ата-аналық құқығынан айырылатыны,  әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылатыны айтылған.

Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге   көмектесу, оқушыларды жағымсыз әрекеттен   сақтандыру.

.
 
Қымбатты ата-аналар, әрі қарай, осы тақырыптың негізінде, қысқаша баяндаманы, сіздердің қатерлеріңізге салғым  келеді.

            Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу -білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген сөзі, біз оқушылар бойында «отансүйгіштікті», «патриотизмді» қалыптастыра отырып, көптеген келеңсіздіктердің алдын – алатындығымыздың белгісі. 

Сондықтан,   зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар  үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі  аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе  ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.


   Адамға зорлық көрсетудің  екі түрлі жағы бар. 

Олар: Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның   қажеттілігі сол жағдайлардың айтылып,   оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет етеді.

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама) 

-Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.

-Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

-Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.

 -Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

 -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

 -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:

1) заңдылыққа;

2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;

3) адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;

4) отбасын қолдау және сақтауға;

5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;

6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті атқарушы органдар;

3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;

4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;

5) ішкі істер органдары;

6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;

7) білім беру органдары;

8) көмек көрсету ұйымдары;

9) дағдарыс орталықтары болып табылатынын  біле   жүріңіздер.

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ, СЕБЕБІ БАЛА – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТТЫ ЖАН! 


    Қымбатты ата-аналар, зорлық – зомбылықсыз өмір, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.





                                 Әр бала білуі тиіс қауіпсіздік жайлы 9 ереже


Балалар үшін уайымдауды қалай доғаруға болады? Ата-аналарға арналған нұсқаулық.


    Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету. Балалар психологы және психотерапевті Ольга Пыхова қарапайым ережелерді автоматты түрде жасайтын деңгейге жеткізуді насихаттайды.

1. Баланы қорқытпаңыз

Оған «бір бала орманда жоғалып кетіпті» деген сияқты қорқынышты әңгімелер айтпаңыз. Қорқыныш баланы үрейлендіріп, әрекет етуге шектейді және бәрін бақылауда ұстауға бейімдейді. Бұл әңгімелер оған қауіптің алдын қалай алу керек екенін немесе қиын жағдайда не істеу керек екенін үйрете ме? Әрине, жоқ.


2. Балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз

     Әлемде зұлымдық та, мейірімділік те бар екенін айтыңыз. Кейбір адамдар екіжүзді болатынын да түсіндіріңіз. Кәмпит беріп, мейірімді көрінетін аға шын мәнінде зұлым болып шығуы мүмкін. Ал асханада үстіңе компот төгіп алған бала – өмірлік досыңа айналуы мүмкін. Мұндай әңгімелер кем дегенде балаға барынша қырағы болуға әрі дұрыс ойлауға көмектеседі.

3. Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз

   Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек. Оларды құрастырғанда нақты бір істерге екпін қойыңыз.

  10 жастан үлкен балаларға қауіпті жағдайларды тудырып, кейін соны талқылауға болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.

4. Нақты жағдайларды талдаңыз

Егер өрт болса

Не жағдай болмасын, шығатын жер табу. Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз. Суға малынған мата (орамал, жең, бет орамал) түтінге уланып қалмай, демалуға мүмкіндік береді. Түтіндеу кезінде жүресінен отырып жүру немесе еденде жорғалап жүру керек, себебі төмен жақта түтін азырақ. Өрт кезінде киім-заттарды тастап, тек баспалдақпен түсу қажет. Бәрінен өмір қымбат!

                                            Баланы бөгде адам алып кетпекші

     Бөгде адам баланы алдап алып кететін көптеген роликтер ата-аналарды қатты қорқытады. Ал балаларға бәрі қызық. Балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескертуі керек екенін үйретіңіз. Өзіңіз де мұқият болыңыз. Баланың қауіпсіздігіне, әсіресе мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігіне сіз жауап бересіз. Егер балаңызды біреу алып кетпек болса, жанына жақындап, мәселенің анық-қанығын анықтаңыз.

     Бала қажет кезде «жоқ» деп айтуға дағдыланса тіпті жақсы. Бөгде адамдардың қандай әрекеттері (мысалы, халық көп жиналған жерден кетуді сұрауы, көндірмек болуы) күмән тудыруы керек екенін айтыңыз. Жетіден асқан балаларға кілтсөз айтуды үйретіңіз, егер кездесу орны өзгерсе хабарласуды үйретіңіз.

                                                 Бала лифте тұрып қалса

    Апат кезінде диспетчерге қалай хабарласу керегін айтыңыз. Ойнап хабарласуға болмайтынын түсіндіріңіз, себебі шынымен апат болғанда диспетчер көмекке асықпауы мүмкін. Егер көмек қолы кешігіп жатса, сыртқы киімді шешу қажет, лифт кабинасында ыстықтап, ауа жетіспей кетуі мүмкін. Киімді жерге төсеп, отыруға да болады, сіз бұл үшін ұрыспайтыныңызды айтыңыз. Осылайша бала көмек күтіп отырып күшін сарпымайды және лифт қозғала бастаса қауіпсіздікте болады.

                                                    Абайлаңыз – иттер!

    Жабайы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге үйретіңіз. Егер оны иттер қоршап алған болса, қатып тұрып қалу маңызды екенін айтыңыз. Арпылдап тұрған ит өз шекарасында бөгде адамдарды көргеніне ызалы екенін айтады. Одан қашып кетуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер байсалды және баяу болуы керек. Ит қауып алса ересектерге айту қажет.

5. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз

     Мектепте, қосымша сабақтарда, метрода, көшеде кімнен көмек сұрау керек екенін алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызға ең алдымен формадағы қызметкерлерді – полицейлерді, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, дүкен мен аэропорт қызметкерлерін іздеу керегін айтыңыз.

6. Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз

   Анасының, әкесінің, көршілердің, басқа да туған-туыстардың, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмірлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Бұл тізімді үйдің басқа жерлеріне жазып қоюға да болады, жазу үстелінің астына, дәретханаға. Балаңыздың ұялы телефоны әрдайым қуаттаулы болғанын қадағалаңыз.

7. Оның дайындығын тексеріңіз

    Қандай да бір келеңсіз жағдайда жедел қызмет операторына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (қай жерде тұрса, сол жердің мекен жайын), жанындағы үлкендерді, болған жағдайды түсіндіре алуы тиіс.

8. Баланың физикалық мүмкіндіктерін нығайтыңыз

    Жақсы физикалық дайындық — тез жүгіру, өрмелей алуы, секіре алуы және т.б. — шын мәнінде өмірін сақтап қала алады. Себебі кейбір жағдайларда жүгіру маңызды (мысалы, егер біреу ұрса немесе өрт басталса), ал басқа жағдайларда бір орында тұру (егер адасып қалса немесе иттер тап берсе) маңызды.


9. Өзіңізден бастаңыз

    Әдеттен тыс жағдайларда миыңды іске қосып, әрекет етуге, көмек сұрауға және қабылдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Ата-ананың міндеті — баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз!