Мектеп кітапханасында «Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы қткізілді » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп кітапханасында «Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы қткізілді
27
сентябрь
2023

Мектеп кітапханасында «Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы қткізілді

Жетісу облысы Панфилов ауданы "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"  КММ кітапханасында  «Бір ел-бір кітап»   Республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу барысында 10 сынып оқушысы  Жақсылыққызы Жібек "Оралу"  повесін оқып, насихаттады.Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері (2002). 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02yehizKJM2FByeKHsY7S5ox1tmfsJqzu19qgoWCrMfpUiamDnf42vBwJSsYm2dMtSl&id=100043407002585&mibextid=Nif5oz