ҰБТ 2022-2023 оқу жылы » Айдарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ 2022-2023 оқу жылы
14
февраль
2023

ҰБТ 2022-2023 оқу жылы

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





















ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ     БОЙЫНША

ЖИНАҚ  ПАПКАСЫ

 

























Сынып жетекшісі          Ж.А.Каримжанова





2022-2023 оқу жылы


Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

Мақсаты:Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында тақырыптарды оңай әдістермен түсінікті жеткізе отырып оқулықпен өз бетінше дайындалуға үйрету.

Міндеті:

  1. Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде  ақпарат, мәліметтерді өз бетімен қолдануын ұйымдастыру;
  2. ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін Қазақстан тарихы пәнінен білім деңгейін анықтау;
  3. Уақытты тиімді пайдалана білуге мүмкіндік беру;
  4.  Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  5. Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру;
  6. Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау;

Күтілетін нәтиже: 

Оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тестті сәтті тапсырады, берілген тапсырманың мазмұнын түсіне алады, өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді


ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді? 

  • Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру; 
  • Интерактивті технологияларды қолдану; 
  • Жеке тұлғаның даралығын дамыту; 
  • Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудіңжалпыуақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)



Барысы:   Дайындық   3 бөлімнен тұрады

  1. Психологиялық
  2. Теориялық
  3. Практикалық 












Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары




Диагностикалық бағыт

Æ

Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау

Æ

Тестілеу

Сұхбаттасу

Бақылау үзігі

Практикалық бағыт

Æ

Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру

Æ

Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар

Қадағалау бағыты

Æ

Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау

Æ

Бақылау

Тест тақырыбы











ЕБҚ  оқушылармен   жұмыс  жүргізу  жоспары



Атқарылатын  іс-шаралар


мерзімі

1

Оқушылардың  білім  деңгейін     анықтау  

қыркүйек

2

Сабақ кестесін  құру 

қыркүйек

3

Қосымша  сабақтар  өткізу

жыл бойы

4

Тіл  білімінің салаларына  шолу жасап отыру

әр сабақ сайын

5

Жекелеген  тапсырма  түрлері     мен тестік  жұмыстар  дайындау

үнемі

6

Тақырыптық  тест  жұмыстарын      дайындау

үнемі

7

Білімін  бақылау  мониторингін  жүргізіп     отыру

жыл  бойы

8

 ҰБТ-ға  дайындық     жұмыстарының  қорытындысы  туралы      ата-анаға  таныстырып  отыру 

жыл  бойы

9

ҰБТ-ға  дайындық  жұмыстарының  қорытындысы     туралы  мектеп әкімшілігін  хабардар етіп отыру  

жыл бойы

10

Каникул  күндерінде  қосымша     сабақтар  өткізіп  отыру

каникул  кезінде

























Атқарылатын  іс-шаралар


мерзімі

1

Оқушылардың  білім  деңгейін     анықтау  

қыркүйек

2

Сабақ кестесін  құру 

қыркүйек

3

Қосымша  сабақтар  өткізу

жыл бойы

4

Әр   оқушымен  жеке     жұмыс  жүргізу

үнемі

5

Тіл  білімінің  салаларына тарау бойынша  қосымша түсінік беріп отыру 

әр сабақ сайын

6

Деңгейлік  тапсырма  түрлері     мен тестік  жұмыстар  дайындау

үнемі

7

Тақырыптық  тест  жұмыстарын      дайындау

үнемі

8

Логикалық  тапсырма  түрлерін дайындау

үнемі

9

Білімін  бақылау  мониторингін  жүргізіп     отыру

жыл  бойы

10

Оқушының ҰБТ-ға  дайындық  жұмыстарының  қорытындысы     туралы   ата-анаға  таныстырып     отыру 

жыл  бойы

11

ҰБТ-ға  дайындық  жұмыстарының  қорытындысы     туралы  мектеп әкімшілігін  хабардар етіп отыру  

жыл  бойы

12

Каникул  күндерінде  қосымша     сабақтар  өткізіп  отыру

каникул  кезінде




























І.  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

 










ІІ  ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


Теориялық дайындық

Тірек сызбалармен түсіндіру

Видеосабақтар 

 








ІІІ.  ПРАКТИКАЛЫҚ  ДАЙЫНДЫҚ



Әдіс-тәсілдері

Тұлғаны танып біл

Қайталау жұмысы

Электронды тест 

Қатемен жұмыс

Стиль түрлері

Тесттермен жұмыс

Сызба-нұсқа кестемен жұмыс

Мәтінмен  жұмыс

 














                                                                                





Түзету жұмыстарының түрлері

  1. Мәтінмен жұмыс жасау.
  2. Оқу сауаттылықта кездесетін қиындықтармен  жұмыс.
  3. Стиль түрлерін қайталау
  4. Мәтін түрлері жайлы қайталау
  5. Термин сөздермен жұмыс







ҰБТ-ға дайындау жоспары


Рет №

Өткізілген жұмыстар 

Мерзімі 

1

Оқушыларды ҰБТ өткізу ережелерімен таныстыру

Қыркүйек 

2

Ата - аналар жиналысы, кейбір ата-аналармен жеке әнгімелесу

Қазан қыркүйек наурыз 

3

Сыныптың оқушыларын біріктіріп, деңгейлері бойынша 2 топқа бөлу

Қыркүйек

4

ҰБТ тапсырмаларына  пән бойынша енгізілетін тақырыптарға мәлімет беру

Қыркүйек 

5

6-9 сыныптар бойынша бағдарламалық материалды қайталап, пысықтау

Қыркүйек наурыз 

6

Аралық тесттерде берілген тақырыптарымен таныстырып, үйрету

Сәуір, мамыр 

7

Жеке топтық консультациялар жүргізу 

 «Қызыл     аттестатқа» үміткерлермен 

2022-2023 оқу жылы бойы


8

Жеке топтық, мектепшілік тестілеулер жүргізу, талдау

2022-2023 оқу жылы бойы

9

Қалалық байқау сынақтарына қатысу, қатемен жұмыс

2022-2023 оқу жылы бойы

10

Байқау сынақтарына арналған кітапшалармен, ҰБТ бойынша әдістемелік нұсқаулармен жұмыс жүргізу

2022-2023 оқу жылы бойы












Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушы білімін нақты бағалау негізі. 

(Оқушы мен мұғалімге арналған ұсыныстар)

Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не?

       Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бес жыл бойына талапкерлердің білімін бағалауда тапсырмаларды шешуге барынша әділдікті және мемлекеттік білім грантын беру мен мемлекеттік білім кредиттерін ұсыну мәселелерінде әлеуметтік әділдікті шешуге мүмкіндік беретін кешендік тестілеу технологиясы қолданылып келеді. 

       Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не? Ол республикада қандай мақсатпен енгізілуде? Жоғары сапалы білім алуды қамтамасыз ететін білім жетістіктерін сырттай бақылау жүйесін жасау мақсатында 2004 жылы республикада ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) еңгізілген – ол білім ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасын бағалайтын жаңа технологияларға негізделген мектеп бітірушілерін мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін мемлекеттік жүйе. ҰБТ-ның негізгі міндеттері бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасына мемлекеттік бағылау мен басқару жүйесін қамтамасын ету, білім сапасын бағалаудың әділдігін дұрыстығын арттыру болады. ҰБТ-ны енгізу білім беру ұйымдарының қызметін әділ бағалауға, олардың нақты рейтингісін анықтауға, мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы нәтижелерге жетсем деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. ҰБТ- ның басты міндеттері -  бірыңғай өлшеуіш материалдардың көмегімен мемлекеттік бақылауды және білім беру сапасын басқаруды, білім беру сапасын бағалаудың әділдігін сенімділігін арттыру мониторингісі болып табылады. ҰБТ – ны жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері ерікті түрде тапсыратын болады. ҰБТ – ны ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына колледждеріне түсем деп ниет білдірген бітірушілер тапсырады. Ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» белгісін үздік аттестатты алуға үміткер бітірушілер үшін ҰБТ тапсыру міндеті. 

         ҰБТ оқушылар білімін тез әрі жан - жақты бақылау мен бағалауда тиімді әдіс болып табылуда. Сондықтан бүгінгі таңда осы әдіс жаппай қолданылуда. 

ҰБТ-ға дайындық (оқушыға кеңес)


  • Сабаққа орын дайында; үстелдің үстінен керек емес заттарды алып таста, керек оқулықтарды, құралдарды, дәптерлерді, қағаздарды, қарындаштарды ыңғайлы орынға қой.
  • Бөлменің интерьеріне сары және күлгін түстерді енгізіп қойыңдар (олар интеллектуалдык белсенділікті жоғарлатады). Осы үшін сурет немесе эстампа  қажет.
  • ҰБТ-ға дайындық жоспарын жасаңдар. Біріншіден: 

Кімсіз – «үкі» немесе «бозторғай», осыған орай таңертеңгі немесе кешкі сағаттарын пайдаланып, әр күнге дайындық жоспарын жасағанда, бүгін не оқу қажет екенін анықтау керек 

  •   Білмейтін материалдан, қиын саласынан  бастаңдар. Егер сендерге     бастауға қиын болса,  қызықты және ұнайтын материалдан бастаңдар.  Оқу мен демалысты кезектеңдер: 40 минут сабақ, 10 минут – үзіліс. Үзіліс кезінде гүлдерге су құюға, ыдыс-аяқты жууға, дене шынықтыру жаттығуларын жасауға,  душ қабылдауға болады.
  • Осы пән бойынша әр түрлі жарияланған тесттерді көп орындаңдар. Осы жаттығулар сізді тест тапсырмаларының құрылысымен таныстырады.
  • Секундамер арқылы жаттығу жасаңдар, тест орындалудың уақытын белгілендер (1 тапсырмаға ең көбі – 1,5 мин кетсін).
  • Емтиханға дайындалу барысында зор жеңістің суретін ойыңызға салып отырыңыздар. Ешқашанда тапсырманы орындай алмаймын деп, ойламаңдар.
  • Қиын мәселелерді қайталауға емтихан алдында бір күнді қалдырыңдар.


ЕМТИХАН АЛДЫНДА.


         Көбісі - емтиханға толық дайындалу үшін соңғы, бір түн жетпейді деп, ойлайды. Бұл дұрыс емес. Сіз шаршадыңыз, өзіңізді қажыту керек емес. Керісінше: кешкі серуенді жасап, ұйықтау алдында душ қабылдаңыздар. «Тұлпар» сезіммен ояну үшін, рақаттанып ұйықтаңыздар.

Оқушылардың білімін жетілдіру үшін ұсынылатын жұмыстар:


  1. Өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау;
  2. Әр оқушыда жеке дәптер болу керек;
  3. Апта сайын консультация жүргізу;
  4. Оқушылар үшін қиын тақырыптарды қайтадан өту;
  5. Тестілеуден кейін жіберілген қателермен жұмыс жүргізу;
  6. Сынып жетекшімен бірігіп жұмыс жүргізу, әр оқушының консультацияға келуін бақылау;
  7. Апта сайын мектепаралық тестілеу жүргізу;
  8. Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отыру.



Мұғалімдердің ұлттық тестілеу алдында жүргізілетін

дайындық жұмыстары

  • Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне бақылау жұмыстарын жүргізу керек. Өз пәнін жетік білмейтін мұғалім балаға үйрете де алмайды. Бақылау барысында төмен нәтиже көрсеткендерге қатаң талап қойып, қайта сынақтан өткізген жөн. Мұғалімдердің де дайындығына уақыт беріледі.
  • Мұғалімдердің оқушылар үшін дайындаған тест тапсырмаларын бірлестік отырысында қарап талдау керек.
  • «Айлық нәтиже» қабырға газеті ай сайын шығарылып, оған ай сайын алынып отырған тест нәтижесі ілініп отырады.
  • Мұғалім оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтарды біліп, іле қосымша түсіндіріп отырған жөн.
  • Мектеп әкімшілігі сабақтарға жиі кіріп, мұғалімнің жаңа сабақты қалай игеретініне назар аудару керек. Әр сабақ жақсы игерілсе, оқушының жаңылыс басуы мүмкін емес. Мұғалім шеберлігі қажет. Шеберлік жетіспеген жағдайда ол мұғалімнің өзіне көп ізденіс керек.
  • Мектеп әкімшілігі оқушылардың білімін өздері тексеріп, тоқсандық бағамен салыстыру керек. Кей мұғалім бағаны көтермелеп қояды да, осыдан кейін оқушы аз дайындыққа қанағат тұтады. Онсыз да жақсы баға алғандықтан, терең оқуға ұмтылмайды. Әкімшілік тестілеуде алған баға мен журналдағы бағаны салыстырып, көтермелеген бағаның алдағы уақытта төмендейтіндігін ескерсе, оқушы да тырысуы мүмкін. Әділетсіз қойған баға өзгелерге де ықпалын тигізеді. Кейбірі «Оған 5,маған бәрібір 3» деп ойлап, сабаққа мән бермейді.
  • Мұғалім тест сұрақтарын ата - аналарға да беріп, олар үйде тексерсе, нәтижесін мұғалімге көрсетсе және ата - аналарға жиналысында есеп беріп отырса.
  • Оқушылар арасында (әсіресе 9-11 сыныптар) қызықты іс шаралар ұйымдастырылып, оған тестке қатысты сұрақтар енсе.
  • Сыныпты 4 топқа (басқа да) бөліп, өзара бәсекелестік жүргізсе, (білім деңгейлеріне қарай ең жақсы оқитындар арасында, жақсы оқитындар, орташа оқитындар, үлгірімі төмендер арасында).
  • Барлық мектепте компьютер жақсы жолға қойылып, оқушы тестілеуде берген жауаптарын компьютердегі жауаптармен салыстырса. Кемшіліктерін өздері түзеп, жазып отырса. Тіпті болмаған жағдайда мұғалімнің жауап қағазымен салыстырса.
  • Әр жаңа сабақты өткен сайын сол тақырып бойынша соңында 1-2 минуттық тест алынып отырса.
  • Қай мектепте, қай пәнінен тест бойынша нәтиже жақсы болса, сол пән мұғалімінің санатын көтерсе, ақшалай сыйлық берілсе.
  • Қысқа аудандық тестілеу өтіп, әдіскерлер мектептердегі оқушыларды (9-10 сыныптар) бақылаудан өткізсе.
  • Тестілеуге дайындық барысында бір қосымша сабақ бөлініп, ол ақылы болса, мұғалімдердің де қызығушылығы туар еді.
  • Тестілеуге байланысты тәжірибелі мұғалімдер өз әдістермен таныстыру үшін бірігіп, семинар ұйымдастырса.


Сонымен, жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін – мұғалім. Ендеше, біздер,мұғалімдер көп оқуымыз керек. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – кейінгі толқын жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі.